Get Mystery Box with random crypto!

«Тобыл» - «Шахтер» Қостанайлық команда тағы да жеңеді. «Тобы | Kommentator_Maulen

«Тобыл» - «Шахтер»
Қостанайлық команда тағы да жеңеді.

«Тобыл» «Каспийді» жеңіп кетті. Сол ойында қостанайлық команданың 3 гол салатын мүмкіндігі болған. Алайда, қауіпті сәтті голға айналдыру жағы қиындау екен. Қостанайлық команданың бас бапкері Милич Чурчич шабуылдап ойнағанды ұнататын бапкер екен. Әлгі Москоленко секілді емес. Ол айтпақшы «Астананың» жеттығуында далаға ұшқан доптарды тасып жүргенін көрдім өткенде.
«Шахтер» түсінікті болды. Биылғы мақсат премьер-лигада қалу. Бірақ, қалатындай ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Жазға қарай бірдеңе өзгеріп, күшейіп кетпесе. Мына матчта 8-9 қазақстандық ойыншымен ойнайтын «кеншілерге» нан жоқ. «Тобыл» жұлмалап тастайды. Екі тур бойы үздік ойыншы атанған Серікжан Мужиков жалғыз өзі шашып тастайды керек десеңіз. «Тобылдың» жеңісіне сенемін.