Қазақ даласында не көп, құм мен сортаң көп. Маңғыстау жері-осы | Кітап үзіндісі
Қазақ даласында не көп, құм мен сортаң көп. Маңғыстау жері-осының әйгілі үлгісі.
Бұл бір ғажайып өлке! Асты лықылдаған су, үсті күн жеп, жел суырған, су жетпей әбден қаңсыған, қартайған, кәрі шалдың бетіндей әжім-әжім боп қатпарланып кеткен өңсіз кеңістік! Қысы қақыраған суық, жазы шыжыған ыстық. Сәл қаттырақ жел тұрса, алай-түлей боран. Құмды боран, шаңды боран.
Ілияс Есенберлин "Қара алтын"
@kitapuzindisi