Get Mystery Box with random crypto!

Түсінгенім, қазақпыз, 'ҰЛЫ' халықпыз деп көкірек қағамыз, ал, | 📚 Кітаптар_әлемі 📚

Түсінгенім, қазақпыз, "ҰЛЫ" халықпыз деп көкірек қағамыз, ал, шын мәнінде, ішкі мәдениетіміз өте төменгі (плинтус) деңгейіне жетіпті!

Батыстағы Еуропаға еліктедік, Кореяға еліктедік, жалпы, еліктеуден жалықпайтын халықпыз! Егер еліктейтін обьект дұрыс болса, еліктегіш субьект дұрыс болады!Еліктеуден жалықпайтын халық екенбіз, "жапон" халқына бет бұрайық! Себебін өзіңізде айқын білесіз: әр адамның ішкі мәдениетінің жоғары деңгейі, мәмілеге (диалогқа) тез келе алуы!

Осы болған оқиғалардан билік те, халық та жақсы сабақ алды және енді екінші мүмкіндік берілмейтінін түсінді деген ойдамын! Билік пен басшылыққа президент өз тапсырмаларын берді, ол тапсырмалар іс жүзінде тиісті деңгейінде орындалады деп үміттемін! Халық ретінде, біз, оның ішінде 6,5млн жастар өз деңгейімізді, ең бастысы, ішкі мәдениетімізді көтерейік! Қалай? Қарапайым қоқысты жәшікке тастаудан, өзге адамдармен жылы сөйлесу арқылы мәмілеге келу, әрдайым жақсы ойлауға тырысу, өзгелердің қателігін сөз етіп күлмей, сабақ ала білу, өзгелердің пікірлерін құрметтей отырып, өз ойын анық жеткізуге дейін. 1 ай немесе 30 күн осылай жасап көріңіз, автоматты түрде осы уақытқа дейінгі өзіңіздің қателіктеріңізді көресіз және өмір сүруіңіздің жеңілдегенін байқайсыз!

Әркімнің өз ойы бар, тек, менің жеткізгім келген ойды түсінсеңіз болғаны!

Қорытынды: Қоғам мен өмірде Жапония секілді дамыған мемлекет болу үшін, санадағы Ауғанстанды Жапонияға алмастырайық,
ақылды менің Жас досым

P.s: Маған жағымпаздану мен біреуге ұнау емес, тәуелсіз ел керек!

@kitaptar_alem

#күшімізбірлікте
#ескіше_ойлау_негізсіз
#жаңаша_болу_керекпіз
#Әуесқой_жазбагер