Get Mystery Box with random crypto!

Дайындық пен мүмкіндік ⠀ Жетістік мүмкіндік пен дайындық түйіс | 📚 Кітаптар_әлемі 📚

Дайындық пен мүмкіндік

Жетістік мүмкіндік пен дайындық түйіскен кезде келеді дейді. Мысалы, жалақысы жоғары бір жұмысқа ұсыныс түсті. Басты талап: ағылшын тілін IELTS 6.0 деңгейінде білу. Тура сенің деңгейің. Бұған дейін тіл үйреніп, өзіңді дамытқан едің. Дайындығың жақсы болып, жұмысқа оп-оңай тұрып кеттің. Жетістікке жеттің.

Бірақ өмірде әуелі мүмкіндік іздеп, сосын "соған сай дайындық жасармын" деп жүрген жандарды жиі көремін. Мысалы, жалақысы жоғары жұмыс іздейді, сұранысқа ие мамандыққа түскісі келеді, т.б.

Бірақ меніңше мүмкіндік іздей бермей, дайындыққа, өзіңді дамытуға ден қою дұрысырақ сияқты. Сонда мүмкіндіктерді шертіп жүріп таңдайсың.

Күнде алдымыздан мыңдаған мүмкіндіктер шығып отырады. Бірақ өзіміз дайын болмаған соң, көбін өткізіп аламыз. "Дайындық пәлсапасын" өзіңді үнемі жан-жақты дамытып отыру деп түсінемін. Қандай курс оқысаң да, қандай мамандық игерсең де, қандай машық меңгерсең де – бәрі мүмкіндік есіктерін ашады.

Дайындық пен мүмкіндік түйісіп, жетістікке жету деген осы емес пе?)