Get Mystery Box with random crypto!

Артық ақпарат пен білімді сүзгіден өткізудің Сократ көрсеткен | Кітапgram

Артық ақпарат пен білімді сүзгіден өткізудің Сократ көрсеткен нақты механизмі

Бірде Сократқа бір адам келіп, былай деді:
-Мен сіздің бір досыңыз туралы естігенімді айтқым келеді
-Маған досым туралы айтпас бұрын, алдымен бұл ақпаратты сүзгіден өткізу керек. Ол үшін үш маңызды сүзгі бар. Бірінші сүзгі - бұл шындық. Айтыңызшы, бұл айтқалы тұрған ақпаратыңыз шындық екеніне сенесіз бе?
-Жоқ, сенімді емеспін,-деп жауап берді, - себебі мен бұл туралы басқалардан естідім.
-Демек, бұл шындық екеніне сенімді емессіз. Енді екінші сүзгі жақсы мен жаман. Менің досым туралы айтқалы отырған жақсы жаңалық па әлде жаман жаңалық па?
-Керісінше, бұл өте жаман нәрсе,-деп жауап бепді ол адам.
-Сонымен, сіз маған жалған әрі жаман нәрсені айтқыңыз келеді. Үшінші сүзгі пайдасы. Мен сіздің айтқаныңыздан қандай да бір пайда аламын ба?
-Жоқ, мүлде пайдалы емес,-деп жауап берді ол.
-Егер сіз маған айтқыңыз келетін ақпарат шынайы да, жақсы да, пайдалы да болмаса, онда мұны білудің де қажеті жоқ-деді Сократ.

https://t.me/kitappgram