Get Mystery Box with random crypto!

Ілияс Есенберлин болашақ жарын алғашқы рет опера театрында көр | Кітап жайлы

Ілияс Есенберлин болашақ жарын алғашқы рет опера театрында көрген. 1943 жылдың қысында Ұлы Отан соғысы кезде әйгілі балерина Галина Уланованы Алматыға көшірді. Театрда соның қатысуыменен жаңа қойылымдар болған. Ілияс Диляраны театрдың гардеробында көріп, киімін киюге көмектескен. Опера театрының қасында мемлекет берген Ілиястың пәтері болған. Бірақ Ілияс мемлекет берген пәтерін әріптесіне сыйға берген.                                        Ілиястың әйелі Орталық компартияның секретарі, әділет министрі Хамза Жүсіпбекұлының қызы Диляра болған. Ілиястың қайын атасы Сәкен Сейфуллинмен бір ауылдың тумасы, одан әрі – Сәкенмен бір үйде өмір сүрген. Танысқан кезенде Диляра бірден әкесі жазаланғаны туралы айтты. Алайда оған қарамастан, олар үйленген.                                                                                    

Ұлы Отан соғысының аяғында Ілияс Есенберлин енесін (жазаланған наркомның жесірі) Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагерінен алып келді. Бір жылдан кейін Ілиясты Орталық компартиядан алып тастап, жала жауып, түрмеге салған.                                                                    

«Әкемді Түрікменстандағы Қарақұм каналын соғуға жіберді. Ол жерде жазаланғандардың өмірі бір жылдан көпке созылмайтын. Әкем үш ай жұмыс істеген соң, басшысы оның зарядпен айналысқанын көрген соң каптеркіге жіберді. Әкем оқуды таукен инженеріне оқыған ғой, сол оның өмірін құтқарды» - деді Қозыкөрпеш Есенберлин.