Get Mystery Box with random crypto!

Кітап жайлы

Telegram арнасының логотипі kitap_jaily — Кітап жайлы К
Telegram арнасының логотипі kitap_jaily — Кітап жайлы
Арна мекенжайы: @kitap_jaily
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 594

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2022-06-02 05:09:49 — Е, адам басына түскен ауырлықтың бәріне көнуге де тиіс, оны көтеруге де міндетті ғой. Әйтпесе оның несі адам?! - дедім өзімді-езім қайрағандай болып.

Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар".
75 views02:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 18:50:04 "Түсінуге талпыну өмірдің барлық саласында аса қажет қағида. Жұрттың сұранысын түсінбей жатып, шығарылған өнім де, шәкіртінің деңгейін анықтамай жатып берілген білім де нәтижелі болмайды".

Қайрат Жолдыбайұлы “Кемел адам”
154 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 11:01:27 "Аямай жаз! Құдай сені жазу үшін жаратты" батыр Бауыржанның Мұқағалиға айтқаны.
377 views08:01
Ашу / Түсініктеме
2022-03-25 17:46:22 Ілияс Есенберлин болашақ жарын алғашқы рет опера театрында көрген. 1943 жылдың қысында Ұлы Отан соғысы кезде әйгілі балерина Галина Уланованы Алматыға көшірді. Театрда соның қатысуыменен жаңа қойылымдар болған. Ілияс Диляраны театрдың гардеробында көріп, киімін киюге көмектескен. Опера театрының қасында мемлекет берген Ілиястың пәтері болған. Бірақ Ілияс мемлекет берген пәтерін әріптесіне сыйға берген.                                        Ілиястың әйелі Орталық компартияның секретарі, әділет министрі Хамза Жүсіпбекұлының қызы Диляра болған. Ілиястың қайын атасы Сәкен Сейфуллинмен бір ауылдың тумасы, одан әрі – Сәкенмен бір үйде өмір сүрген. Танысқан кезенде Диляра бірден әкесі жазаланғаны туралы айтты. Алайда оған қарамастан, олар үйленген.                                                                                    

Ұлы Отан соғысының аяғында Ілияс Есенберлин енесін (жазаланған наркомның жесірі) Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагерінен алып келді. Бір жылдан кейін Ілиясты Орталық компартиядан алып тастап, жала жауып, түрмеге салған.                                                                    

«Әкемді Түрікменстандағы Қарақұм каналын соғуға жіберді. Ол жерде жазаланғандардың өмірі бір жылдан көпке созылмайтын. Әкем үш ай жұмыс істеген соң, басшысы оның зарядпен айналысқанын көрген соң каптеркіге жіберді. Әкем оқуды таукен инженеріне оқыған ғой, сол оның өмірін құтқарды» - деді Қозыкөрпеш Есенберлин.                                                
586 views14:46
Ашу / Түсініктеме
2022-03-22 17:49:14 "...басқаны басындырмау үшін ең әуелі өзіңді жеңу, тек өзіңе сеніп, өзіңе өзің тәрбиеші болу; сен адамдарға керек емессің, адамдар саған керек; егер сен өзіңнің бұл жалғанда бар екеніңді, қолыңнан іс келетін іскерлігіңді дәлелдесең ғана басқалар назар сала бастамақ...."
"Атау кере"
515 views14:49
Ашу / Түсініктеме
2022-03-22 17:42:54
Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын,
тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын!
477 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-03-16 16:08:58 Пенде боп жаралған екенсің сенің махаббатың бұл пәниде бір адамға, тек бір-ақ адамға арналады. Онымен бақыт кешіп, өміріңді бір өткізе бермеуің мүмкін. Бірақ оған деген жан сезіміңнің құлай берілуі көмескіленбейді. Осыған орай, сенің басқа жар сүйіп, бағзы біреулерді жақсы көруің де ғажап емес. Әйтсе де, бұл арналы махаббаттың күретамыры бола алмайды, сайып келгенде, негізгі махаббат емес, сол бір мөлдір махаббаттың әсерінен туған ұнатулар ғана.

Оралхан Бөкей "Қош, махаббатым"
473 views13:08
Ашу / Түсініктеме
2022-03-13 18:37:44 "Қашқын" Айдын Кәлімхан

Саяси астары бар бұл шығарма сюжеті ары қарай не болады екен деген ойды жетелеп, қызықтырып отырады. Еркіндікті аңсаған ер ісі оқырманды бірден баурап алып, бір ерекше оқырман ықыласына ие болады.

Оқи отырып қытай саясатының тағы бір қаталдығының куәсі боласыз. Бас кейіпкердің тапқырлығы, арының адалдығы, қайсарлығы, табандылығы тәнтті етеді, жігер сыйлайды.Оның бұндай қадамға баруына туған жеріне деген сағынышы мен өз еліне деген махаббаты себеп.

Азапты түрмеден 3 рет қашқан кейіпкер соншама қиыншылықты басынан өткізе отырып, туған еліне жетеді. Тағдырын өзі жасады. Ол берілмеді. Өз елімде бәріне көнемін деген арманы орындалды.

P/s: Өмір түрлі соққыға толы. Мақсатыңыз бен арманыңызға адал болыңыз. Табандылық бәрінде жеңбек.
#қашқын
#aigerim_reads
548 views15:37
Ашу / Түсініктеме
2022-03-10 05:50:04 Махаббат – есірткі сияқты. Алдымен бір рахат сезімге бөленесің, өзіңді жеңіл сезініп, сол сезімнің ішінде тұтастай еріп кеткендей боласың. Келесі күні – тағы қалайсың. Сезіну саған қаншама ұнап тұрса да, соған мүлде беріліп кеткенше өзіңнің кез-келген сәтте одан бас тарта алатыныңа сенесің. Ол кезде сен сүйіктің жайлы екі минут ойлап, үш минут ұмыта аласың. Бірақ біртіндеп оған үйренесің де, толықтай соған бағынышты болып қаласың. Енді сен ол туралы үш сағат ойлайсың да, екі минут ұмытатын боласың. Ол жаныңда болмаса, нашақорлар сияқты бірнәрсе жетпей тұрғандай сипалана бересің. Нашақор секілді бір салым есірткі үшін ұрлық-қарлыққа да, өлтіріп жіберуге де әзір тұрасың, махаббатың үшін кез-келген қорлануға дайынсың.

Паоло Коэльо
545 views02:50
Ашу / Түсініктеме