Get Mystery Box with random crypto!

'Қашқын' Айдын Кәлімхан Саяси астары бар бұл шығарма сюжеті | Кітап жайлы

"Қашқын" Айдын Кәлімхан

Саяси астары бар бұл шығарма сюжеті ары қарай не болады екен деген ойды жетелеп, қызықтырып отырады. Еркіндікті аңсаған ер ісі оқырманды бірден баурап алып, бір ерекше оқырман ықыласына ие болады.

Оқи отырып қытай саясатының тағы бір қаталдығының куәсі боласыз. Бас кейіпкердің тапқырлығы, арының адалдығы, қайсарлығы, табандылығы тәнтті етеді, жігер сыйлайды.Оның бұндай қадамға баруына туған жеріне деген сағынышы мен өз еліне деген махаббаты себеп.

Азапты түрмеден 3 рет қашқан кейіпкер соншама қиыншылықты басынан өткізе отырып, туған еліне жетеді. Тағдырын өзі жасады. Ол берілмеді. Өз елімде бәріне көнемін деген арманы орындалды.

P/s: Өмір түрлі соққыға толы. Мақсатыңыз бен арманыңызға адал болыңыз. Табандылық бәрінде жеңбек.
#қашқын
#aigerim_reads