Get Mystery Box with random crypto!

​ ҚСЗИ жыл қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді 202 | КИСИ inform

ҚСЗИ жыл қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді

2022 жылдың 29 желтоқсанында
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің қатысуымен жыл қорытындысы бойынша Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті.

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов институттың 2022 жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді. Өз сөзінде ҚСЗИ қызметі ел басшылығына ішкі саясат, әлеуметтік-экономикалық процестер, ҚР сыртқы саяси стратегиясы саласында қажетті болжамды-талдамалық және ғылыми-ақпараттық материалдарды дайындауға және ұсынуға бағытталғанын атап өтті. 2022 жылғы 20 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы жаңа Ереже бекітілді. Осы құжатқа сәйкес ҚСЗИ құрылымына, оның ішінде институттың аналитикалық жұмысының форматына және қызмет бағыттарына өзгерістер енгізілді.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде институттың елдің бас ми орталығы ретіндегі жұмысының маңыздылығы мен жауапкершілігін атап өтті. 2023 жылға арналған негізгі міндеттерді белгілеп, ҚСЗИ жұмысын заман талабына сай жетілдіру және бейімдеу жөнінде нақты екпін қойды.

Толығырақ kisi.kz сайтында

КИСИ провел расширенное заседание по итогам года

29 декабря 2022 года
состоялось расширенное заседание Ученого совета Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан с участием Государственного советника Республики Казахстан Ерлана Карина. Заседание прошло в офлайн- и онлайн-форматах.

Директор КИСИ Еркин Тукумов выступил с отчётом о проделанной работе института за 2022 год. В своем выступлении он отметил, что деятельность КИСИ в отчётный период была направлена на подготовку и предоставление руководству страны необходимых прогнозно-аналитических и научно-информационных материалов в сфере внутренней политики, социально-экономических процессов, внешнеполитической стратегии РК. 20 апреля 2022 г. Указом Президента РК было утверждено новое Положение о Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте РК. В соответствии с данным документом были внесены изменения в структуру, направления деятельности и формат аналитической работы КИСИ.

Государственный советник РК Ерлан Карин отметил важность и ответственность работы института как главного мозгового центра страны при принятии стратегических решений, обозначил основные задачи на 2023 год и расставил четкие акценты в дальнейшей работе КИСИ для совершенствования и адаптации к новым современным требованиям времени.

Подробнее на сайте kisi.kz