Get Mystery Box with random crypto!

​ Қазақстан мен Өзбекстан сарапшылары ынтымақтастықты арттыру | КИСИ inform

Қазақстан мен Өзбекстан сарапшылары ынтымақтастықты арттыру жоспарын талқылады

Қазақстан Республикасы Президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша 2022 жылдың 27 желтоқсанында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты, Орталық Азия халықаралық институтының ұйымдастыруымен «Өзбекстан және Қазақстан. Стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың даму перспективалары» атты онлайн халықаралық конференция өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыптары қазіргі жаһандық және өңірлік үрдістер контекстіндегі саяси диалог, сондай-ақ экономика, көлік, энергетика және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа стратегиялық перспективалары болды.

ҚСЗИ директоры Е.Тұқымов болашақтың даму барысы мен стратегиялық жоспарлауын бірлесе отырып әзірлеу қажеттігін атап өтті: «Бізді біріктіріп отырған ортақ тарих, мәдениет және география бүгінгі таңда қос ел арасындағы қарым-қатынасты ерекше жолмен, өзара сенімнің жоғары деңгейі арқылы құруды негіздейді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 21-22 желтоқсанындағы Өзбекстанға мемлекеттік сапары барлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің стратегиялық перспективаларына негіз қалады. Жалпы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың қарқындылығы бүкіл Орталық Азия өңірі елдерінің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағыт береді. Сол себепті мұның барлығын ескерген өте маңызды».

Толығырақ kisi.kz сайтында

Эксперты Казахстана и Узбекистана обсудили планы дальнейшего расширения сотрудничества

По итогам государственного визита Президента РК в Узбекистан 27 декабря 2022 года состоялась онлайн-международная конференция «Узбекистан и Казахстан. Перспективы развития стратегического партнёрства и союзничества», организованная Казахстанским институтом стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, Институтом стратегических и межрегиональных исследований при Президенте Республики Узбекистан и Международным институтом Центральной Азии.

Основными темами обсуждения стали политический диалог в условиях современных глобальных и региональных тенденций, а также новые стратегические перспективы сотрудничества в сферах экономики, транспорта, энергетики и водных ресурсов.

В частности, директором КИСИ Е. Тукумовым была отмечена необходимость выработки общих подходов развития и стратегического планирования будущего: «Объединяющая нас общая история, культура, география, так или иначе, обуславливает строить наши отношения по-особому, с высоким уровнем взаимного доверия. Государственный визит Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в Узбекистан 21–22 декабря т.г. заложил основы для расширения сотрудничества на стратегическую перспективу во всех отраслях. Это важно с учетом того, что интенсивность отношений Казахстана и Узбекистана в целом задает тон на дальнейшее развитие кооперации стран всего Центрально-Азиатского региона».

Подробнее на сайте kisi.kz