Get Mystery Box with random crypto!

Зак Снайдерді талантсыз деуден аулақпын, бірақ тым асыра бағал | Киностан ️

Зак Снайдерді талантсыз деуден аулақпын, бірақ тым асыра бағаланған режиссер дегенмен келісем.

"Өліктер армиясы" - оның соңғы режиссерлік жұмысы. Логика наққа кеткен топас картина.

Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескеру керек - зомби туралы фильмде ешқашан логика болмайды. Қажет емес кезінде зомбиің жылдам бола қалады да сүйікті кейіпкеріңді жеп қояды, қажет кезінде шабан болып көрініп өлуі тиіс кейіпкер аман қалады. "Кезбе өліктер" сериалының стажы жоғары көрермені ретінде айтып отырмын сендерге!

Зак Снайдер зомби тақырыбында камера тербеген екен. Бұл жерде көрерменді екі-ақ тәсілмен байлап ұстауға болады: не треші көп болу керек - адамдар логика мен топас сюжетті ұмытып қарқ-қарқ күлу үшін, не өмірге барынша жақындатып, зомбиді тек фон ретінде пайдаланып, адами драма жасау керек. Фильмде екеуі де жоқ. Дым жоқ демеймін, ұтымды қолданыла алмаған.

Естімеген болып бұл картинаның жанынан өтіп кетсеңдер ештеңе жоғалтпайсыңдар.