Get Mystery Box with random crypto!

Былжырап кететін сериалдар болады ғой. Соның бірі - 'Кезбе өлі | Киностан ️

Былжырап кететін сериалдар болады ғой. Соның бірі - "Кезбе өліктер". Есі дұрыс көрермен 4-5 маусымнан кейін тастап кеткен. Ал мен әлі қарап жүрмін. Бірақ әңгіме ол туралы емес.

Обшым орта деңгейлі сериалдан күтпеген сюрприздар болып тұратыны бар кейде. Осы "Кезбе өліктердің" (түсінбегендер болса - "Ходячие мертвецы") миллиондаған эпизодының ең жауһар сериясы қайсы екенін айтайын ба? Басты зұлымдардың бірі - Ниганға арналған жеке эпизод (10 маусым 22 серия). Білмейтіндер болса айта кетейін - Ниган сериалдың басты-басты деген жұлдыздарының тең жартысын 5 минутта қырып тастаған қанышер. Оны жек көрмейтін көрермен жоқ шығар. Бірақ оған арналған серияда соңғы 12 жылдық өмірі қамтылып, оның осы күйге жеткеніне не себеп болғаны баяндалады. Сіз білесіз бе - осындай тамаша қойылымның әсерімен зұлымға болысасың, антагонист бүкіл сериалдың фронтменіне айналады. Кейіпкердің трансформациясы, мотиві - бәрі жоғары деңгейде.

Ниган туралы эпизод бір төбе де, сериалдың қалған бөлігі бір төбе.

Тағы бір сериал туралы: "Басбұзар" (орысша "Сорвиголова") сериалы туралы білетін шығарсыз? Кей жерлері тым тәуір, кей тұстары іш пыстырып жіберетін орта деңгейлі жоба. Сондағы Карен деген екінші пландағы кейіпкерге арналған жеке эпизод бар (3 маусым 10 серия). Бұл да сериалдың жалпы сюжетінен бөлек жатқан дербес оқиға. Кейіпкердің өткені арқылы характерін жалаңаштайды.

Жоғарыда аталған екі сериалдың әлгі эпизодтарын бөлек фильм ретінде де қарастыруға болады. Тамаша драма не триллер шығар еді.

Не айтқым келіп еді? А, ия - ортаңқол сериалдар кейде осындай твисттерімен қуантып тұратыны бар.