Get Mystery Box with random crypto!

Ойбай, көтек! 'Көшпенділер елі' туралы айтуға ұмытып кетіппін | Киностан ️

Ойбай, көтек! "Көшпенділер елі" туралы айтуға ұмытып кетіппін ғой.

Бұл әлгі жасырылған мағынасын іздеп, аллюзия мен эпитет іздеп кететін кино қатарынан емес. Адам келбетіне ірі планпен қойылған операторлық фокус (солай айтуға бола ма өзі?), актерлік ойын емес - жартылай импровизация, қойылым емес - деректі кадр эффектісін беретін картина мен үшін - өзіңді іздеу, өзіңді іздей жүріп жаныңның дертін емдеу туралы фильм ғой деген түсінік қалыптастырды.

Бұнда мінездердің қарама-қайшылығы, кейіпкерлердің оң мен теріс болып бөлінуі жоқ. Фрэнсис ‎Макдормандтың кейіпкерімен бірге тар фургонды бөлісіп, Американың сары даласын кезіп жүргендей боласың. Айтпақшы неге екенін қайдам, Фрэнсис апай осы жолы тіпті ойнамағандай болды. Жай ғана қасына операторды ілестіріп алып саяхаттап жүргендей құдды.

Меніңше бұл тым жеке, тым интим картина. Осы фильмді көріп отырып көрермен өзімен өзі оңаша қалғандай, өз-өзімен сырласқандай болады. Сағыныш, қайғы, жалғыздық, қанағат, сүйсіну, мейірлену сезімдеріңді оятқан естеліктерді басыңда қайта ойнатасың. Кейіпкердің де сол сезімдерді басынан өткізген сәттерін жан-тәніңмен түсінгендей боласың.

Режиссер Хлоя Чжао да көшпенді десе болады. Қытайда туып, Лондонда, кейін Лос-Анджелесте мектепте оқыған, жоғары білімді Массачусетсте және Нью-Йоркта алды. "Көшпенділер елінің" осындай жеке болып шығуына да режиссердің өмірі әсер етсе керек.

Режиссер де, актриса да биыл "Оскар" алып тұр ғо, примерно :)