Get Mystery Box with random crypto!

Бәріміз өлеміз Сен де, мен де, Назарбаев та. Жер қойнына кіре | kerim eken

Бәріміз өлеміз

Сен де, мен де, Назарбаев та. Жер қойнына кіреміз ғой бір күні. Сөйтіп, бүтін мүшелеріңді шірітуге алып кету - донорға мұқтаж адамдарға жасаған қиянат сияқты.

Жүрегің біреуге өмір сыйласа, бүйрегің біреудің толыққанды өмір сүруіне көмектессе, одан асқан игілік бар ма?

Бұған қарсы болғандардың “Алланың берген аманаты ғой”, “Ол күнә” деген пікірлерін оқыдым. Алла ұлық болса, күнә емес, сауап жазатынына сенімдімін. Аманат қылса, донор сол аманатты Алла атымен қайта аманаттайды деп білем.

Менің біраз пікірім теист жолдастардың көңіліне тиюі мүмкін, оның үстіне діни білімім таяз. Сондықтан жай ғана - жасасын медицина!

P.S. Бұл жазба ешқандай пропаганда емес және әркімнің таңдау құқығы бар.