Get Mystery Box with random crypto!

Менің жазғалы отқанымды Ерлан амигос жазыпты пікірге (дәрігерд | kerim eken

Менің жазғалы отқанымды Ерлан амигос жазыпты пікірге (дәрігердің аты дәрігер ғо).

Жазғанын қаз қалпында жариялаймын:

"Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" деген бар еговта.

Егер қарсы болмасаңыз, келісім беруіңізге болады тірі кезіңізде. Өлгеннен соң сізден сұрай алмайды, сондықтан қазір жауап беріп жіберіңіз.

Ал өз басым қарсы емеспін, себебі өлгеннен кейін тәнім керек емес және бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады. Донор жетіспегеннен мыңдаған адам өліп жатыр. Таңдау өзіңізде.

Дін жағына келсек,

https://www.muftyat.kz/kk/articles/islam-and-society/2014-06-04/21515-donorlyi-nemese-transplantatsiya-zhasaudyi-shariat/ .

Бұл Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты. Ал басқаларға айтарым, дінде былай-былай деп білмей жаза беру қате.

Ерланның каналы: @emshipanasy