Get Mystery Box with random crypto!

Буырқанып тасыған теңіз де бір мезет сабасына түсіп, тыншиды. | Kemel adam

Буырқанып тасыған теңіз де бір мезет сабасына түсіп, тыншиды. Сен де әбігерлікке толы мына қарбалас өмірден, айқай-шуға толы күйбең тіршіліктен өзіңді бір мезет азат етіп, тыныштықты ізде. Кідіріс жасап, айналаңа қара. Өткенді сараптап, келер күнді бағамда! Адам баласы тыныштықта ғана жан дүниесінің үнін естіп, өзінің ішкі әлеміне үңіле алады. Сол арқылы өзінің мына дүниеге не үшін келгендігін, негізгі миссиясын есіне түсіруіне мүмкіндік табады.
Өзінің ішкі әлемінде жетістікке ұмтылған жан ғана сыртқы әлемде шынайы жетістікке жетеді. Балапан жұмыртқаны іштен жарып шықса ғана сыртта өмір сүре алады. Ал сырттан жарылса, өмір тоқтайды.
Олай болса, сен де теңіз тәрізді кідіріс жасап, тыныштықта тұңғыйық ойдың саяхатына шық!
Кемел адам кітабынан