Get Mystery Box with random crypto!

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында Петропавлдағ | KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында Петропавлдағы мектепте болған оқыс жағдай халық арасында үлкен алаңдаушылық тудырғанын атап өтті.

Осыған байланысты ол мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды.

Үкімет басшысы:

Ішкі істер министрлігіне балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша келісілген ұсыныстар енгізуді,
Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алуды,
Оқу-ағарту министрлігіне Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуді тапсырды.

Еске сала кетейік, 13 ақпанда Петропавлдағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы үш баланы жарақаттаған еді.

Зардап шеккен балалардың екеуі ауруханаға жеткізілсе, біреуіне сол жерде медициналық көмек көрсетілген болатын.

t.me/kaznurkz