Get Mystery Box with random crypto!

FARABI UNIVERSITY

Telegram арнасының логотипі kaznu34 — FARABI UNIVERSITY F
Telegram арнасының логотипі kaznu34 — FARABI UNIVERSITY
Арна мекенжайы: @kaznu34
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.63K
Арнадан сипаттама

QAZAQ ULTTYQ ÝNIVERSITETI

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-07-10 16:36:29
Обзор еженедельной работы Председателя Правления - Ректора Казахского национального университета имени Аль-Фараби Жансеита Туймебаева
(4-10 июль, 2022 г.)

Председатель Правления - Ректор КазНУ имени Аль-Фараби Жансеит Туймебаев вручил дипломы лучшим выпускникам 2022 года. Красные дипломы из рук ректора КазНУ получили 82 выпускника.

Жансеит Туймебаев провел встречу с представителями РГП на ПХВ «Институт ядерной физики» Министерства энергетики Республики Казахстан. В ходе встречи стороны обсудили перспективы развития взаимного сотрудничества.

Ректор университета принял участие в очередном ученом совете КазНУ имени Аль-Фараби. На собрании были обсуждены итоги работы диссертационных советов и защищаемости докторантов, и анализ состояния качества и эффективности летней экзаменационной сессии.

Жансеит Туймебаев поздравил всех казахстанцев с Днем столицы и праздником Курбан айт.
80 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 16:31:51
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу
(4-10 шілде, 2022 жыл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаев білім ордасын үздік бітіруші түлектерге салтанатты түрде диплом табыстады. Айта кетейік, биыл ҚазҰУ-ды 8058 түлек бітірді.

Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" РМК өкілдерімен кездесті. Жүздесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Жансейіт Түймебаев осы аптада университеттің Ғылыми кеңес отырысына қатысты. Жиында ағымдағы оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылының білім беру бағдарламаларына қатысты мәселелер қаралды.

Жоғары оқу орнының басшысы барша қазақстандықтарды 6 шілде “Елорда” күнімен және “Құрбан айт” мерекесімен құттықтады.
91 views13:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 07:26:36
Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,
студенттері, магистрант, докторанттары!
 
Сіздері Құрбан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл қасиетті мереке адамзатты бірлік пен ынтымаққа, ізгілік пен қайырымдылыққа үндейді. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған құттықтауында: “Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады. Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі”, — деп атап өтті. 
Ежелден иман мен дәстүрді ұйыстырып, ұлттық құндылықтарды ерекше дәріптеген халқымыздың  ізгі амалдары қабыл болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. 

Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
242 views04:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 10:57:12
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТЕ ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде биылғы оқу жылына қатысты қос мәселе күн тәртібіне шықты.

Толығырақ: https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/28645/


ИТОГИ РАБОТЫ УЧЕБНОГО ГОДА ПОДВЕЛИ НА УЧЕНОМ СОВЕТЕ

На очередном ученом совете КазНУ имени аль-Фараби были обсуждены итоги работы диссертационных советов и защищаемости докторантов, и анализ состояния качества и эффективности летней экзаменационной сессии.

Подробнее: https://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/28645/
169 views07:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:59:18
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАСЫ

Қазақстан бүгінде жаңа даму жолына түсті. Қазір әлемде болып жатқан күрделі өзгерістер қоғамдағы мәселелерге жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай ел өміріндегі жаңа тарихи кезеңге жол ашып берді.

Толығырақ: https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/28644/
255 views09:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 09:10:07
Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері, магистрант, докторанттары!

Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елорда – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі.
Бас қаламыз — береке-бірлігіміз бен жарасты тірлігіміздің жемісі мен жеңісі.
Астананың өсіп-өркендеуіне, құлпырып-жайнауына әрқайсыңыздың қосқан үлесіңіз ұшан-теңіз.
Елорданың болашағы – білімді, іскер жастардың қолында!
Еліміздің абыройы асқақтап, халқымыздың мәртебесі арта берсін!
Сіздерге мықты денсаулық, елімізге тыныштық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
487 views06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 15:30:32

511 views12:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 15:24:11
ҚАЗҰУ МЕН ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" РМК өкілдерімен кездесті.
Толығырақ: https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/28638/

УКРЕПИТСЯ СОТРУДНИЧЕСТВО КАЗНУ И ИНСТИТУТА ЯДЕРНОЙ ФИЗИКИ

Председатель Правления – Ректор Казахского национального университета имени Аль-Фараби Жансеит Туймебаев провел встречу с представителями РГП на ПХВ «Институт ядерной физики» Министерства энергетики Республики Казахстан.
Подробнее: http://www.kaznu.edu.kz/ru/3/news/one/28638/
508 views12:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 15:17:15
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты жиынды ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашты.
Толығырақ: https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/28642/

ВЫПУСКНИКАМ ВРУЧИЛИ ДИПЛОМЫ КАЗНУ

Лучшие выпускники КазНУ имени Аль-Фараби получили свои красные дипломы из рук Председателя Правления-Ректора КазНУ имени аль-Фараби Жансеита Туймебаева.
Подробнее: http://www.kaznu.edu.kz/ru/3/news/one/28642/
469 viewsedited  12:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 18:51:43

530 views15:51
Ашу / Түсініктеме