Get Mystery Box with random crypto!

1 қыркүйек – Білім күні! Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұл | FARABI UNIVERSITY

1 қыркүйек – Білім күні!

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттер, магистрант, докторанттар!

Сіздерді 1 қыркүйек – Халықаралық Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Кемел келешек кілті – озық білімде.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болу үшін оқу керек, бай болуға кәсіп керек, ал күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» – деген қағидасы бүгін де маңызын жойған жоқ.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен биылғы оқу жылынан бастап жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20%, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға өседі.
Біздің басты мақсатымыз – жастарға сапалы білім беру, білікті ғылыми кадрларды даярлау, мемлекет дамуына қызмет ететін білікті мамандарды тәрбиелеу.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Жаңа оқу жылы табысты болсын!

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор