Get Mystery Box with random crypto!

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні! Құрмет | FARABI UNIVERSITY

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні!

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,
студенттер, магистрант, докторанттар!

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заңымыз – мызғымас мемлекеттігіміздің айғағы, өркениетті дамуымыз бен кемел келешегіміздің кепілі.
Конституция талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен азаматтық келісімнің негізі.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтай келе: «Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып отыр. Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті», – деп атап өтті.
Елімізде тұрақтылық болып, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!
Шаңырақтарыңызға құт-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Құрметпен
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ