Get Mystery Box with random crypto!

ЖАҢАЛЫҚТАР KZ

Telegram арнасының логотипі kaznewstg — ЖАҢАЛЫҚТАР KZ Ж
Telegram арнасының логотипі kaznewstg — ЖАҢАЛЫҚТАР KZ
Арна мекенжайы: @kaznewstg
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.50K
Арнадан сипаттама

Хабарлаймыз
Баяндаймыз
Мәселенің мәні
Бейнеақпарат
❗ШЫҒЫП ЖАТҚАН РЕКЛАМАДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ, БІЗ ШЫҒЫП ЖАТҚАН РЕКЛАМАҒА ЖАУАП БЕРМЕЙМІЗ❗

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-07-09 18:10:02 Зейнетақы мөлшері келесі жылдан бастап артуы мүмкін.

Белсенділермен кездескен Еңбек министрі Тамара Дүйсенова тиісті ұсынысты мемлекеттік органдарға жолдағанын мәлімдеді.

«Біз базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде параметрлерді өзгерту туралы бастама көтердік. Қазір біздің ұсыныстарымыз басқа да мүдделі мемлекеттік органдарда қаралады, егер қолдау тапса, бұл келесі жылдан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерінің артуына мүмкіндік береді. Жұмыс істеп жүрген және болашақта құрметті демалысқа шығатын зейнеткерлер де оң әсерін тигізеді», - деді министр.
320 views15:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 07:18:40 Жаңа оқу жылында мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізіледі.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, негізгі мақсат – педагогтарды жұмысқа қабылдауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, оқу жүктемесін бөлу барысында заңсыздықтарды болдырмау.

Бос жұмыс орны шыққан кезде мектеп директоры жұмыс орнының босағанын 5 күн ішінде еңбек жағдайлары мен жалақысын көрсете отырып, Халықты жұмыспен қамту орнына ақпарат беруі тиіс.
326 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 09:45:09 Қазақстан Өзбекстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

«Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады. Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз», – деді ҚР СІМ.
335 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 07:36:27
Елде өткен тәулікте 189 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Ковид жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында. Кеше Алматыда 98, елордада 55 адамнан вирус анықталған. Жалпы аймақтарда ауруды жұқтырған 788 адам  емделіп жатыр, 6 науқастың жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер.

Емханаға түскендер арасында ревакцинация уақыты өтіп кеткендер көп екенін бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та айтып өткен еді. Елде коронавирустың таралуына қатысты жағдай күрделене берсе, алдағы уақытта маска тағу тәртібі қайта енгізілуі мүмкін.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ҚАПЫ ҚАЛМА! БІЗГЕ ЖАЗЫЛ!
351 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 19:04:03 Қостанайдағы халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің жаңа қаулысында айтылған.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енеді.
318 views16:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 18:42:31 Ұлттық қорға қатысты былықтар әшкереленуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық қорында 53,8 миллиард доллар ғана қалды. Жыл басында 55 млрд болатын. Салыстырсақ, 2014 жылы 77,2 миллиард долларды құраған.

Есеп комитетінің болжамынша, егер жұмсаудың қазіргі практикасы сақталса, онда қор 2030 жылға қарай нөлге теңеледі. Үкімет оны экономиканың өсімін қамтамасыз етуге емес, жай ғана бюджет тапшылығын жабудың көзі ретінде қолданады.

Бас аудитор Наталья Годунованың айтуынша, қордан қаржыландырылған жобалардың құнын қолдан, жасанды түрде қымбаттатуға жол берілген. ҰҚ қаражаты тіпті жеке және заңды тұлғаларға кредит түрінде таратылған, бұл Бюджет кодексіне қайшы. Қордың таусылуына соқтыратын тағы бір фактор: одан алынып, игерілмеген қаражат ҰҚ-ға кері қайтарылмайды.
395 views15:42
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 07:01:18
Алматыда ер адам ЛГБТ өкілдерін көшеде ұрып тастаған.

Жанжалдың неден басталғаны белгісіз.
430 views04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 18:12:29 Атырауда 5 жылға бас бостандығынан айырылған азамат Жоғары сот үкімімен ақталып шықты.

Жылыой ауданының тұрғыны былтыр есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталып, аудандық сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда сот үкімімен келіспеген айыпталушы өзінің жазықсыз екенін айтып, апеляциялық сотқа шағымданған. Бірақ нәтиже болмай, үкім заңды күшінде қала берген. Ол кейін Жоғары сотқа шағымданған.

"2021 жылғы 18 маусымда полицейлердің заңсыз әрекеті нәтижесінде жазықсыз қамалып, 5 жылға жаза арқаладым. Менің кінәсіз сотталуым ең бірінші анама ауыр тиді. Сондықтан заң алдында адалдығымды дәлелдегім келіп, қорғаушымның көмегімен ҚР Жоғары сотына арыздандық", - дейді  айыпталушы.

Оның айтуынша, марихуана тәріздес шөптің темекі ішіне салынған 2 данасын көшеден тауып алып оны, жолдастарына көрсеткен. Оның ішінде жақын досы да болған. Досы есірткінің бір данасын сұрап алып, оны полицейлерге тапсырып, неге екені белгісіз есірткіні досынан сатып алғанын айтқан.

"Осының бәрін алдын ала ұйымдастырғанын кейін түсіндім, себебі мен оған есірткі тауып алғанымды айтқан едім. Бұл жерде досым менен бір данасын алып, ал полицейлерге 2 дана қылып тапсырған. Оны кейін маған байқатпай түсірген бейнежазбасынан да көрдік. Неге екені белгісіз, досым "екі данасын сатып алдым" деп, маған нақақ жала жауыпты. Бұл жерде жолдасымның бұрын есірткімен ұсталғанын білетін полицейлер оны маған әдейі жіберген деп ойлаймын.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ҚАПЫ ҚАЛМА! БІЗГЕ ЖАЗЫЛ!
404 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 18:12:12
253 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 08:18:12 Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Словакияны жеңіп, тағы бір сенсация жасады.

Бір апта бұрын құрамалар Трнавада кездесіп, сонда қазақстандықтар 1:0 есебімен жеңген еді. Содан кейін "Астана Аренаға" словакиялықтар жаңа бас бапкермен келген. 

Елордадағы кездесу қазақстандықтар үшін сәтті басталды. Алаң иелері үзіліске дейін екі гол тоғытып тастады. 18-минутта оң қапталдан асырылған пасты Ян Вороговский қақпада тулатты. Ал 39-минутта Елхан Астанов баспен дәл соққы жасап, есепті еселеді. 

Үзілістен кейін словакиялықтар есеп айырмасын қысқарта алды. 51-минутта Матуш Беро айып алаңына енер тұста жақын бұрышты дәл көздеді. Дегенмен Қазақстан футболшылары матч соңына дейін жеңіс есебін сақтап қала алды. Ал ойын соңына қарай Ондрей Дуда дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Қорытынды есеп - 2:1. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы C дивизионының 3-тобында көш басындағы орнын сақтап қалды. Команда төрт кездесуден соң 10 ұпай жинады. Екінші орындағы Словакиядан төрт ұпайға озып тұр. 

Енді Қазақстан құрамасына топта бірінші орын алуы үшін екі ұпай жеткілікті. 
Еске салайық, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында бұған дейін үш матч өткізген. Алдымен Әзербайжанды, кейін қонақта Словакияны жеңіп, сенсация жасаған болатын. Кейінгі кездесуде қазақстандықтар Сербияда Беларусь құрамасымен тең тарқасқан еді.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ҚАПЫ ҚАЛМА! БІЗГЕ ЖАЗЫЛ!
282 views05:18
Ашу / Түсініктеме