Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы | Қазақстан Жаңалықтары 🇰🇿

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы құжат жобасы қалыптастырылды

Қазақстан-Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобалар пакетін қалыптастыру аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті.

2022 жылғы 25 шілде – 5 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

«Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады.

Келесі кездесу Өзбекстан Республикасында дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде өтеді», - делінген ведомство хабарламасында.