Get Mystery Box with random crypto!

Астанада базар күзетшісі ұрлық жасағаны үшін ұсталды Жәбірл | Қазақстан Жаңалықтары 🇰🇿

Астанада базар күзетшісі ұрлық жасағаны үшін ұсталды

Жәбірленушінің айтуынша, ол таңертең жұмысқа шыққанда контейнердің терезесі сынғанын көрген. Келеңсіз жайттан күдіктеніп, тауарды санай бастаған ол жалпы құны 40 мың теңгеге жуық автомагнитола мен көлік дабылы жүйесінің жоғалып кеткенін білген. Полицейлер оқиға орнын тексеріп, куәгерлерді анықтау кезінде бір күн бұрын қолын кесіп, таңғышпен орап алған базардың 39 жастағы күзетшісіне назар аударған.

Жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындап, заттай айғақтар жасырылған базардағы орынды көрсеткен. Анықталғандай, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған базар күзетшісі мас күйінде дұрыс орнатылмаған пластик терезе арқылы контейнерге кіріп, ұрлық жасаған.

Ол ішке кіру кезінде терезеге тиіп кетіп оны сындырып, қолын кесіп алған. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.