Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандағы мемлекеттік активтер баланстық құнынан төмен сат | Қазақстан Жаңалықтары 🇰🇿

Қазақстандағы мемлекеттік активтер баланстық құнынан төмен сатылмайды

Үкімет басшысы экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Шарада 2025 жылға дейінгі жекешелендірудің кешенді жоспарын қайта қарау бойынша ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің ресми сайты.

Қазіргі уақытта заңнамаға мыналар бойынша түзетулер әзірленуде:

1. баланстық құнынан төмен активтерді сатуға тыйым салу
2. сатып алушы мен сатушының сатылымға әсер етуін болдырмау
3. стратегиялық маңызды объектілерге мемлекеттік бақылауды сақтау

«Осыған байланысты жаңа тәсілдер негізінде жекешелендіру тізімі жаңартылды. Осылайша, Кешенді жоспарға бәсекелес ортаға экономикалық нәтиже беретін жаңа ұйымдарды енгізу ұсынылады. Кейбір компанияларды «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының IPO-сы арқылы нарыққа шығару жоспарлануда" , - деп қосты үкімет.

Премьер-министр ұсынылған түзетулерді мақұлдады.