Get Mystery Box with random crypto!

Holanews.kz: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін «Қаз | Жаңалық Бүгінгі Хабар

Holanews.kz: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

«Қазгидромет» 11-12 ақпан аралығында тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты синоптиктер алматылықтардан тауға бармауды сұрады.

«Үлкен және Кіші Алматы өзені бассейнінде жауын-шашынның көп түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні түсуі ықтимал. Сол себепті тік қарлы беткейлерге, тауға шықанда абай болыңыздар», — деп ескертті «Қазгидромет» өкілдері.

Айта кетейік, 10 ақпанда Алматыда 15 сантиметрге дейін қар түсті.

Синоптиктердің хабарлауынша, 13 ақпаннан бастап күн жылынады.

https://kaz.holanews.kz/news/97690