2022-05-19 09:03:14
Лифтіде жарын
көкала қойдай сабаған қазақстандық желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырғаны рас. Бұл іске қатысты қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша тергеу шаралары басталды.
⠀
Ер адамның іс-әрекетіне бей-жай қарай алмаған отбасылық психолог Ержан Мырзабаев видео түсіріп, мынадай ұсыныс жасады:
⠀
"
Біз қоғам ретінде мұндай адамдарды микроб деп көруіміз керек және біз қалайша микроб бар жерге бармаймыз, микроб бар жерді ұстамаймыз, тура сол сияқты мұндай адамдармен қарым-қатынасты тоқтату керек.
Әрі амандаспаймыз, сөйлеспейміз,
жұмыс істемейміз, кәсіп жасамаймыз. Егер сіздің көршіңіз, танысыңыз, туысыңыз, әріптесіңіз әйеліне, бала-шағасына қол көтеріп жатса, сіз мұны біліп жүрсеңіз және ешнәрсе болмаған сияқты ойнап, амандасып, араласып жүрсеңіз,
сіз сол кісінің зұлымдығына тап болып жатырсыз. Мұны естен шығармаңыз", - деді.
⠀
Қалай ойлайсыз, мұндай әдіс қоғамда бала-шағасына, әйеліне қол көтеретін адамдардың санын азайтуға көмектесе ме?
: IG-acc #yerzhan.myrzabayev
⠀
https://t.me/nehabarkaz
114 views06:03