Get Mystery Box with random crypto!

Қабылбек Әліпбайұлы

Telegram арнасының логотипі kabylbek_ustaz — Қабылбек Әліпбайұлы Қ
Telegram арнасының логотипі kabylbek_ustaz — Қабылбек Әліпбайұлы
Арна мекенжайы: @kabylbek_ustaz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.28K
Арнадан сипаттама

Қабылбек ұстаздың уағыздары
Реклама бойынша @nurly_media 📩
Ассалаумағалейкум бауырлар
Біздің басқа топтарымызға
тіркеліңіздер 🌸 🌸 🌸
@arman_kyanyshbayev
@kabylbek_ustaz
@nurlyislam
@uagyz_qz
Алла разы болсын😇

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 29

2021-05-02 22:46:23 Ассалаумағалейкум құрметті бауырлар

“Рамазан айының жанымызға пайдасы” тақырыбындағы дәрісімізді қабыл алыңыздар
4.2K views19:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 11:39:09
4.8K views08:39
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 23:16:26 Ал құрметт бауырлар аудио форматта дәрісті қабыл алыңыздар
4.7K views20:16
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 02:11:52
6.6K views23:11
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 22:20:27  Олай болса, әр-Роззақ (Ризықты мол етіп беруші), әр-Роозиқ (Ризық беруші) болған Бір Алла Тағаладан ғана байлық, береке, ризық-несібе сұрайық. Ал төменде қабыл болу мүмкіндігі жоғары сүннетте келген дұғаларды топтастырдым.

1.     «Я, Алла! Мені кешіре гөр, маған рақым ете гөр, мені тура жолға бастай гөр, мені Өзің оңдап, маған есендік бер. Маған ризық-несібе бер, әрі мені жоғары (дәрежеге) көтер».
«Аллаһуммә-ғфир ли, уәрхамни, уәһдини, уәжбурни, уа’афини, уәрзуқни, уәрфә-’ни».
 
 2. Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын ) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жиі айтатынын естіген:
«Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим)

(Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина)
 
3.     «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!»
«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!»
 
4.     Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам ислам дінін қабылдаса, әрқашан дұрыстап намаз оқуды үйрететін және мына дұғаны айтуды талап ететін болған.  «Иә Алла, кешір мені, маған рахым ет, сондай-ақ мені тура жолға шығар, сондай-ақ маған ризық бер!»
/Аллаһумма, ғфир ли, уа-рхам-ни, уа-хди-ни, уа 'афи-ни уа-рзуқ-ни!» (Муслим).
 
 5. Бірде Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір бәдәуи келіп: «Маған мен қайталап отыратын сөздер үйретші», - деп сұрады, сонда ол оған: «Былай де: «Алладан басқа Құдай жоқ, Оның серігі жоқ, Алла Ұлы, Бүкіл Әлемнің Раббы Аллаға көп мақтаулар, Алла пәк! Құдіретті, Дана Алланың күш-қутына жететін ешкім жоқ!» 
/Лә иләһә слла-Ллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу, Аллаһу Акбар кабиран, Уәл-хамда ли-Ллаһи кәсирән уә сухана-Ллаһи, Роббиль ъаламина! Уә лә хәулә уә лә қуата иллә би-Лләһил-ъАзизиль-Хкими!/, - деді. 
Бәдәуи: «Бұл – менің Раббым үшін, ал мен үшін ше?», - деді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Былай де: «Я, Алла, кешір мені, маған рақымшылық ет және мені дұрыс жолға алып шық, сондай-ақ маған өмір сүретін ризық бер!» /Аллаһумма, - ғфирли, уархамни, уахдини, уарзуқни!/, - де» деген(Муслим).
 
6.     Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Я, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін.Я, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын.
 
«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи дини уә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузу биъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти».
 
7.     Я, Алла! Тәніме саулық бер! Я, Алла! Естуіме саулық бер! Я, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Я, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір құдай жоқ.
 
«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум-мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».
7.7K views19:20
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 22:20:25 Әр тиынымызға шүкірлік етер болсақ, жаман мен жақсының Алланың қалауымен орын алып жатқанын, еш нәрсе Алланың қалауынан асып кетпейтінін түсініп амал жасар болсақ сіз бен бізден ақылды адам жоқ.
5.4K views19:20
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 22:20:20 РИЗЫҚ ДЕГЕН НЕ?

Материалдық игіліктерді біз ризық дейміз. Дәл осы материалдық игіліктер бізді қатты мазалайды, көп әуреге салып, қателікке ұрындырып жатады.  Мұсылманның материалдық емес, яғни рухани құндылықтары болуы керек ең алдымен. Хадисте: «Дүниені жақсы көру – бар қиындықтың бастауы»-деген. Шынында адам үшін шынайы құндылық не?  Ең алдымен «ризық» сөзін толық түсініп алайық. Құранда: «Бұл кітапта күмән жоқ. Ол бес уақыт намаз оқып, өздеріне Мен бергеннен жұмсайтындарға жол көрсетеді»-делінеді. «Ризық» сөзінің мағынасы кең. Көпшілгіміз «ризық» дегенді байлық, дүние-мүлік деп қана түсінеміз. Бұл мүлде қате пікір. Ризық – бұл Алла Тағаланың өзінің құлдарына беріп жатқан барлық жақсылығы. Бұл материалдық та, рухани да игілік болуы мүмкін. Бізге Алла берген несібенің бәрі біздің ризығымыз. Әрине бұл игіліктердің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Ризықты тек Алла береді. Құрада: «Мен адамдар мен жындарды өзіме құлшылық етсін деп қана жараттым. Мен олардан сыбаға сұрамаймын, Мен олардан тамақ әкелуін талап етпеймін. Шынында Алла несібе беруші»-дейді. Ризықтың екі түрі болады: анық және жасырын. Анық ризық – бұл біз ішіп-жейтін, ауқаттанатын азық-түлік, тамағымыз, қолданатын дүние-мүлкіміз. Ал жасырын ризық Алланы тану, Алламен байланыста болу, Алланың сенің жүрегіңді толтыратын нұры. Ризықтың бірінші түрі осы өмірде қалса, екіншісі о дүниеде бізге мәңгілік өмірдің бақытын сыйлайды. Мұсылман мен мұсылман емес адамның несібеге көзқарастары екі бөлек. Мүмін несібе-ризықты Алланың беретінін біледі, сенеді. Құранда: «Жер бетінде Алланың несібе бермеген жаратылысы жоқ» -делінеді. Адам баласы ғана емес, бүкіл жаратылыс несібесін Алладан алады. Ал мұсылман емес адам несібеге «өзім қол жеткіздім» деп есептейді. Бұл әрине шайтанның азғыруынан айтылатын сөз.

Материалдық игілік – жаман да емес, жақсы да емес. Оның жақсы не жаман болуы оны адамның қалай қолданатынына байланысты. Егер адам Алласын ұмытпай, тура жолдан таймай сол материаалдық игілігінің өзін Алланың ризалығы үшін деп пайдаланса қайыры болмақ. Ала егер ол дүние адамды ашкөздікке, алаяқтыққа және т.б. жаман істерге жақындатар болса онда қайырсыз болғаны. Сол себепті де ризық-несібені адал жолмен, рұқсат етілген амалдармен іздеу керек.

Алла елшісі өзінің хадисінде: «Ешбір жан өзінің ризық-несібесін алмай бұл дүниеден қайтпайды. О, Аллланың құлдары! Алладан қорқыңдар, дүниелік игілікті іздегенде орташа болыңдар»-дейді. Қазақ мұны «Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді»-дейді. Демек алла нәсіп етіп бізге бұйырған нәрсе біздікі. Ал дүниеге қанша көз тоймай қуғанмен ақша өмірі жеткізбейтінін күнделікті өз тірлігімізден-ақ көріп жүрміз.

Адам кәсіп таңдағанда абай болуы керек. Харам жолмен жылдам пайда табуға үйреніп алған адамның одан айығуы екі талай. «Құныққаннан дәніккен жаман» дейді халқымыз мұндайды. Адал кәсіп еткен адам қор болмайды. Алла елшісі: «Сен рұқсат етілген, адал тамақ жесең Алла сенің дұғаңа жауап береді»-деген. «Сен шүкір еткен аз дүние, сен шүкір етпеген көп дүниеден жақсы»-дейді.  Себебі көп дүние адамның тәубе шүкірін ұмыттыратын болса оның қайыры жоқ.

Пайғамбарымыздың Алланың ұлылығын көрсететін мынадай керемет хадисі бар: «Менің құлдарымның арасында байлықтың арқасында ғана иманды болып жүргендері бар, оларды Мен кедейлендірсем олар кәпір болады. Сондай-ақ менің құлдарымның арасында кедейліктен иманды болып жүргендер бар, Мен оларды байытсам  олар кәпір болады»-дейді. Міне бұл өмірдің өзіміз көріп жүрген шындығы. Расында астымызға машина бітіп, жұмысымызда бір сатыға жоғарылай қалсақ Құдайымызды ұмытып, кеудемізге тәкаппарлық пайда бола қалатыны бар. Байлығымыздан айырыла қалсақ «Мен не жаздым» деп қарғанып-сіленіп шыға келетін әдетіміз де жоқ емес.

Шынайы байлық – иман байлығы, жүрек байлығы, бір Аллаға күмәнсіз сену. Хадисте: «Алла кімге жақсылық тілесе Ол оған дінді түсіндіреді»-деген. Ендеше Алланың жақсы көрген құлдарынан болайық. Адал жолмен еңбек етіп, қажетімізді табуға, отбасын асырауға, жақсы киініп, жақсы жүріп тұруға барынша амал ету міндет. Бірақ Алланы ұмытып ашкөздік танытпау қажет.
6.0K views19:20
Ашу / Түсініктеме
2021-04-24 09:15:23
6.2K views06:15
Ашу / Түсініктеме