Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЙТАР ТОЛҒАҚ Қайтар толғақ мазаламаған мамашалар почти жоқ | ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ БОСАНУ🤰

ҚАЙТАР ТОЛҒАҚ


Қайтар толғақ мазаламаған мамашалар почти жоқ шығар

Первородка болсаңыз “вам это боль не понять” деп қояйын, себебі 1-шіде білінбейді аса.

ҚАЙТАР ТОЛҒАҚ ДЕГЕН НЕ?

Босанғаннан кейін әйелдің бойында қандай өзгеріс орын алатынын Сторизға салдым (актуальныйда да бар)

Әйелдің бойынан сәбидің жолдасы шыға салысымен ағза бұрыңғы қалпына келудің қамына кіріседі. Негізі ғылыми тұрғыдан өтее күрделі процесс жүреді, бірақ бізге оны талдап ешкім түсіндірмеген соң тудық па тудық ал организмде не болып жатқанымен ісіміз жоқ расында

Баланың жолдасы шыққаннан кейін әйелдің жүйке(нерв), жүрек-тамыр (сердечно-сосудистый) және ағзаның басқа да жүйелері (другие системы организма) өзгерісті бастайды.

Ағзада үлкен көлемде окцитоцин мен пролактин бөлінеді, яғни лактация бастау алады.

Лактация (лат. lactare — сүт бөлу, емізу, сүттену ) — сүт безінде сүттің түзілу, жиналу және оның мезгіл-мезгіл бөліну процесі.

Эстроген мен прогестерон гормондарының деңгейі төмендейді.

Әйелдің омырауы біршама үлкейеді уыз пайда болады сосын біртіндеп сүт келеді.

Емшекпен емізу окситоциннің бөлінуін ұлғайтып, бұл өз кезегінде жатырдың жиырылуына көмек береді.

Сәбиді әр емізгенде жатыр (матка) жиналып іштің төменгі жағында ауыру сезімі болады. Тұңғыш рет босанғанда жатыр көлемі кішілеу болып тез жиналып аса ауырмайды, неғұрлым көп туасыз соғұрлым босанғаннан соң матка жиналып біткенше тура толғақтағыдай ауырады. Сондықтан ел арасында “қайтар толғақ” аталып кеткен.

Өзім 3-ші ұлымнан бастап Кетанав апарамын, босанып болған соң ауырып бастағаннан 1 - еу ішіп аламын білінбей өтіп кетеді.