Get Mystery Box with random crypto!

Ана сәбиін емізгенде арнайы гормондардың әсері бары алдыңғы су | ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ БОСАНУ🤰

Ана сәбиін емізгенде арнайы гормондардың әсері бары алдыңғы суретте тұр.

Окситоцин - сүттің бөлінуін реттесе.

Пролактин - сүтті өндіреді, яғни сүт бездерінде ана сүтін қалыптастырады.

Сәби емшектің ұшын емгенде нерв клеткалары тітіркеніп миға сигнал барады, тиісінше сүт келеді.

Ана сүті жайлы том - том кітап жазуға тұрарлық әсіресе қазақ тілінде Гуглда ақпарат өте аз, сондықтан сіздерге ұсынбас бұрын орыс тілінен инфо іздедім.

Көп аналар босанғаннан соң депрессияға түседі, тез ашуланып, жылағысы келіп ешкімді жақтырмауы мүмкін.

Бұндай жағдайда ағзада адреналин гормоны бөлінеді.

Адреналин Пролактинге әсер ете алмаса да Окситоцинге әсер етіп, ана сүтінің бөлінуін тежейді. Осылайша сүт өз дәрежесінде бөлінбегендіктен Пролактин сүтті жеткілікті өндіре алмайды.

Бала емізетін жас аналарға кеңес:
Барынша сабыр сақтау, ашуланбау
Тек сүт шәй ғана емес, су ішу
Тынығу
Құнарлы тамақтану
Балаға емірену, жақсы көру, мейірлену