Get Mystery Box with random crypto!

Jas Túlek📚

Telegram арнасының логотипі jastulek — Jas Túlek📚 J
Telegram арнасының логотипі jastulek — Jas Túlek📚
Арна мекенжайы: @jastulek
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.13K
Арнадан сипаттама

Арнамызға қош келдіңіз!😍
Бұл жерден ҰБТ-ға керекті материалдарды ТЕГІН жүктей аласыз!😊
ЖАРНАМА, ұсыныстар бойынша: @ashiirbekovva аккаунтынына, WhatsApp арқылы: 7 776 324 4848 номеріне жазуға болады!🤗

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2021-10-25 15:58:09 ҰБТ 2022 өзгерістер (контекст және тарихи карта)

Ұлттық тестілеу орталығы 2022 жылғы ҰБТ-да Қазақстан тарихы пәнінің базасына “Контекст” (мәнмәтіндік) және “Тарихи карта” тапсырмаларын енгізді.

“Контекст” (мәнмәтіндік) тест тапсырмалары тарихи ойлаудың үш негізгі дағдысын синтездеуге мүмкіндік береді:
- уақыт пен кеңістіктегі бағдар;
- тарихи талдау мен түсіндіру;
- тарихи деректерді түсіну.

Осыған дейін белгілі бір тарихи оқиғаны, хронологияны жаттау керек болса, енді талапкерлерге жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес сол тақырыпты түсінуді талап етеді.

Оқушылар ҰБТ-ға дайындық барысында қажетсіз фактілерді жаттаудың орнына, белгілі бір оқиғалар тізбегін қолдана отырып, тарихи біліммен, тарихи түсінікпен жұмыс істеу қабілетін арттырады.

“Контекст” (мәнмәтіндік) тест енгізудегі басты мақсаты фактологияға (жаттауға) негізделген, қиын сұрақтардан бас тарту.

Ал “Тарихи карта” тест тапсырмасы бойынша мәнмәтін - тек нақты уақытты анықтауға ғана емес, сонымен қатар оқшаулауға да, яғни белгілі бір жермен байланыстыруға мүмкіндік береді. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды локализациялау (оқшаулау) тарихи үрдіс пен оның заңдылықтарын дұрыс түсінуге, яғни карта арқылы тарихи түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан тарихын оқу барысында, мемлекеттердің орналасқан жері, көрші мемлекеттермен саяси жағдайы және хронологиялық реттілігін түсіну маңызды.

Барлық ҰБТ сұрақтары тек мектеп бағдарламасынан (Атамұра, Мектеп баспалары) келеді.

Дереккөз: joo.kz
269 views12:58
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 08:22:18
311 views05:22
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 08:22:01 ҰБТ-да ХИМИЯ таңдайтын оқушыларға
_____________________
2 айда нәтижеңді 40+ баллға көтеруге көмектесетін курсты ұсынамыз.

Курсқа тек 20 оқушы алынады. Себебі біз САНҒА емес, САПАҒА жұмыс жасаймыз.

Жазылу үшін 8(777) 613 27 90 Whatsapp
318 views05:22
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 12:17:48 #байқау #мектеп

“Қазақстанның үздік оқушысы (І тоқсан)” республикалық байқауы

Өту мерзімі: 27.09.2021 - 29.10.2011

Бас жүлде: І тоқсан қорытындысы бойынша Байқау рейтингінің жеңімпазына Apple iPhone 11 смартфоны табысталады

Басты талап - www.onlinemektep.org платформасын қолданатын оқушылар ғана байқауға қатыса алады.

Қатысушылар І тоқсанда платформаны белсенді пайдаланып, Bilimbonus-тар жинауы керек.

Байқау нәтижесі 2021 жылғы 1 қарашада жарияланады.

Толық ақпарат: Bilimland.kz
327 views09:17
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 11:20:45 #грант #олимпиада

Талапкерлерге арналған республикалық UNICON 2021 олимпиадасына тіркелу ашық

Дедлайн: 15 қазан 2021
Басты жүлде: UIB университететінде 4, 2 және 1 жылдық ақысыз білім гранттары

Олимпиаданың мақсаты - шығармашылық қабілеттердің ашылуы мен жүзеге асуына жағдай жасау, жеке көзқарастың қалыптасуы, сонымен қатар тыңдалуға және үздіктердің үздігі болуға мүмкіндік беру.

Талаптар:
- www.uib.edu.kz веб-сайтына кіру;
- 15 қарашаға дейін олимпиадаға қатысу үшін тіркеу формасын толтыру;
- қосымша ақпараттарды қадағалау.

11-12 сынып оқушылары мен колледж түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырған жағдайда олимпиадаға қатыса алады.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (727) 259 80 05 телефонына хабарласа аласыз.

Толық ақпарат: uib.team
385 views08:20
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 15:02:50 ҰБТ-да ағылшынды таңдайтын немесе тіл үйренгісі келетін оқушыларға өз бетінше дайындалуға арналған ОҚУЛЫҚТАР ЖИНАҒЫ:

https://cloud.mail.ru/public/3sit/2fajU7Xbe
544 views12:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 18:18:34 #олимпиада

Қандастарға арналған “Алтын түлек” олимпиадасы өтеді

Күні: 30 қазан 2021
Уақыты: 09:00 - 12:00 (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен)


Ұйымдастырушылар: @otandastar_qory және @zerdeli.kz

Олимпиадаға 11-12 сынып оқушылары және дайындық бөлімінің студенттері қатыса алады.

Қатысу үшін сілтеме арқылы тіркелу қажет

Толық ақпарат: “Жас қазақ” жастар ұйымы
208 views15:18
Ашу / Түсініктеме
2021-10-06 11:26:06 #грант #үкіметаралық

Үкіметаралық грант | Венгрия

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының адами ресурстар министрлігі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде жыл сайын "Stipendium Hungaricum" бағдарламасы аясында 250 грант бөлінеді.

- бакалавриат – 110 орын;
- бакалавриат+магистратура – 30 орын;
- магистратура – 90 орын;
докторантура – 20 орын.

Оқыту тілі: венгр, ағылшын, француз тілдері.

Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: желтоқсан-қаңтар.

Бағдарлама
оқу ақысын;
медициналық сақтандыруды;
бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін 130 еуро болатын ай сайынғы стипендияны (докторантура үшін 325 еуро);
студенттерге арналған жатақхана орындарын қамтиды.

Қазақстандықтардың 29 венгр университетін және 600-ден астам оқу бағдарламасын таңдау мүмкіндігі бар.

Венгр тілінде оқығысы келетіндер ұзақтығы 12 айдан аспайтын венгр тілі курстарынан өте алады.

Университеттердің қабылдау комиссиялары мынадай құжаттарды талап етеді:
Түйіндеме;
Мотивациялық хат;
Төлқұжат көшірмесі;
Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL);
Транскрипт/қосымшасы бар диплом;
2 ұсыныс хат.

Толық ақпарат: Халықаралық бағдарламалар орталығы
304 views08:26
Ашу / Түсініктеме
2021-09-27 13:07:29
Колледжи станут бесплатными в KZ. Для выпускников девятых классов. Так на брифинге сказал зампремьера Ералы Тугжанов. Правда, конкретные даты не назвал.
245 views10:07
Ашу / Түсініктеме
2021-09-24 21:09:41
Беседа ашқыш деграданттарға арналған жазба.

О жақта сен біліміңді арттырмайсың.

Беседаларда барлығы тек танысып, қуған әңгіме айтумен болады.

Жанама жол іздемей, мақсатыңа тура жолмен жет. Ол — мұғалімнен сабақ алу, оқу, жаттау, қайталау, есеп шығару, жаттығу орындау, қатемен жұмыс жасау. Болды.

Абылай Ахметқали
93 views18:09
Ашу / Түсініктеме