Get Mystery Box with random crypto!

“Jas Qazaq” жастар ұйымы

Telegram арнасының логотипі jasqazaqclub — “Jas Qazaq” жастар ұйымы J
Telegram арнасының логотипі jasqazaqclub — “Jas Qazaq” жастар ұйымы
Арна мекенжайы: @jasqazaqclub
Санаттар: Блогтар , Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 192
Арнадан сипаттама

Мақсатымыз - әлемдегі қазақ жастарының бір-бірімен байланыса алатын платформа құру

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-06-03 19:52:13 #жұмыс

Digital marketing және продакшн бағыты бойынша кәсіби командаға келесілер бойынша мамандар қажет

- Копирайтер
Жалақы: 300 000 KZT
Талаптар: қазақ-орыс немесе ағылшын-орыс тілдерін жетік білу

- Дизайнер
Жалақы: 300 000 KZT
Талаптар: Сандық көрсеткіштерден инфографика жасау және креативті презентациялар дайындау

- Видеограф
Жалақы: 400 000 KZT
Талаптар: іс-шаралардан видеоматериалдар дайындау, оны өңдеп, әлеуметтік желілерге салу

- Digital-маман
Жалақы: 350 000 KZT
Талаптар: Лендинг жасау, бюджетті жоспарлау, есепті түсінікті етіп дайындау, чат-бот және т.б. жасау

Түйіндемені baikenaigerim@mail.ru поштасына жіберу керек.

Барлығына ортақ шарттар:
- Нұр-Сұлтан қ. EXPO ауданында орналасқан кеңсе;
- ресми түрде жұмысқа орналасу, ҚР Еңбек кодексі негізінде жүзеге асады;
- жұмыс кестесі икемді, бірақ кешкі уақытта және демалыс күндері де жұмыс істеуі мүмкін;
- қашықтықтан немесе парт-тайм, сондай-ақ екінші жұмыспен қатар алып жүріп жұмыс істеуге болмайды.
78 viewsAlzhan Sharipov, 16:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 10:43:07 #спорт

Кәсіпқой футболшы болуды армандайсың ба? Бүкіл Қазақстанға әйгілі болғың келе ме?

Дәл қазір өз арманыңды жүзеге асыру мүмкіндігі туындап тұр. Супербол атты жоба саған дәл осы мүмкіндікті ұсынады.

16-25 жас аралығындағы кәсіпқой келісімшарты жоқ кез келген адам өзін сынап көре алады!

6 маусым - Семей
9 маусым - Павлодар
12 маусым - Ақтөбе
14 маусым - Ақтау
16 маусым - Шымкент
18 маусым - Тараз
21 маусым - Астана
24 маусым - Алматы

Финалдық кезеңге жолдама алып, Super bol жобасының бас бапкері Самат Смаков пен бас менеджері Давид Лорияның қарамағында, Қазақстан ұлттық құрамасының Талғардағы базасында 2 ай жаттығып, өз арманыңды жүзеге асыр.

Толық ақпарат: superbol.kz
71 viewsAlzhan Sharipov, 07:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 08:20:23 #стартап

Silkway Accelerator by Astana Hub x Google for Startups

Дедлайн: 4 маусым 2022
Қала: Нұр-Сұлтан
Форматы: офлайн
Қатысу - тегін (іріктеу болады)

Бағдарламаға:
Қазақстан;
Өзбекстан;
Қырғызстан;
Тәжікстан;
Түркіменстан;
Әзірбайжан;
Моңғолия азаматтары қатыса алады.

Толық ақпарат: Astana Hub
101 viewsAlzhan Sharipov, 05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 12:47:00 #пайдалы

Ғылыми зерттеулер мен диссертацияларды жазуға қажетті деректер базасы

World Bank Open Data
Дүниежүзілік банк барлық елдердің дамуы туралы деректерге еркін және ашық қолжетімділік береді. Дүниежүзілік банктің және 30-дан астам серіктес мекемелердің деректеріне негізделген экономикалық, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштердің ауқымды жиынтығы. Деректер базасында 1960 жылдан бастап 210 ел бойынша 900-ден астам көрсеткіш бар.

OECD Data
Бұл экономикадан бастап білім беру мен әлеуметтік мәселелерге дейінгі бірқатар тақырыптар бойынша ең толық және терең мәліметтер. Барлық деректер кестелер түрінде де, қажетті жылдарды немесе елдерді атап өтуге болатын графиктер түрінде де ұсынылған.

Data UN
Мұнда БҰҰ-ның қаржы, иммиграция, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және қоғамдық өмірдің басқа аспектілері бойынша барлық мамандандырылған агенттіктерінің мәліметтері жинақталған.

EuroStat
Еуропалық Одақтың статистикалық қызметінің сайты сізге ЕО-ға мүше барлық елдерден жиналған деректерді көрсетеді.
126 viewsAlzhan Sharipov, 09:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 12:55:44 Jas Qazaq Podcast: қандас жастар не дейді?

Қазақстанға жыл сайын шамамен 3000-ға жуық қандас талапкер мемлекеттік білім бағдарламалары арқылы оқуға түседі. Олардың тәжірибесі, білім гранттары, мүмкіндіктер және тағы да басқа ақпараттармен қамтитын аудио форматтағы подкастымызды ұсынамыз.

Jas Qazaq Podcast жобасы арқылы қандас студенттердің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндігіңіз бар. Подкастты Anchor, Google Podcast, Castbox платформаларда тегін тыңдай аласыз.

Подкастты тыңдау үшін сілтеме
https://castbox.fm/vd/495630501
124 viewsAlzhan Sharipov, 09:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 12:53:12
106 viewsAlzhan Sharipov, 09:53
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 13:06:41 #болашақ

23 мамырдан бастап “Болашақ” стипендиясына құжаттар қабылдау басталады

Дедлайн: 14 қазан 2022

Толық ақпарат: сілтемеде
140 viewsAlzhan Sharipov, 10:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 20:35:34
#пайдалы #қосымша

Accelerator Hunt - стартап жасаушылар мен ұйымдастырушылардың мәліметтер базасы

Стартапты алға жылжытуға көмектесетін ұйымдастырушылар мен инкубаторларды іздеу - үлкен жұмыс. Бұл туралы деректер шашыраңқы болғандықтан, оларды іздеу ұзақ уақытты алады.

Алайда, біз ұсынатын сайт осы мәселені шеше алады!

Accelerator Hunt - бұл сіздің стартапыңызға сәйкес келетін бағдарламаны табу үшін 2000-нан астам ұйымдастырушылар мен инкубаторларды қарауға болатын сайт. Осы сайт арқылы өз стартапыңызға инвесторларды да таба аласыз.

Олардың көпшілігінде өздерінің веб-сайттарына немесе бірден "қолдануға" болатын беттерге сілтемелер, сонымен қатар сайт Twitter, LinkedIn және Facebook әлеуметтік желілеріне сілтемелерді ұсынады.
123 viewsAlzhan Sharipov, 17:35
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 14:50:34 #ҰБТ2022

ҰБТ 2022: 7 жаңалық

1. Грант ҰБТ-сы 16 мамырдан 5 шілдеге дейін созылады. ҰБТ-ны 2 рет тапсыруға мүмкіндік бар.

2. Шекті баллдар
- педагогикалық мамандықтар - 75;
- “Құқық” мамандығына - 75;
- медициналық мамандықтар - 70;
- “Ауыл шаруашылығы және биоресурстар”, “Ветеринария” білім беру салаларына - 60 балл

3. Қазақстан тарихына контекстік сұрақтар қосылды.

4. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихында датаға байланысты сұрақтар тек Ұлттық тестілеу орталығы жариялаған 100 датаның ішінен келеді.

5. Математикалық сауаттылықтан геогметриялық есептер алынып тасталды.

6. Басқа мемлекетте өмір сүретін қандастар ҰБТ-ны Қазақстанға келіп, офлайн форматта тапсырады.

7. Барлық талапкерлердің ұялы телефонына SMS арқылы тестілеу күні, уақыты, орны және бейіндік пәндер туралы ақпарат жіберіледі.

Толық ақпарат: Joo.kz
88 viewsAlzhan Sharipov, 11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 11:33:47 EGov.kz порталында «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі қолжетімді
 
Қазақстан Республикасының аумағына бұрын тұрған және қайта келген этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мәртебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады.
 
Пайдаланушы өзіне, сондай-ақ отбасының барлық мүшелеріне аталған қызметке онлайн тапсырыс бере алады. Қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Басты талап - ЖСН және ЭЦҚ болуы.

eGov.kz порталында өтінім беру үшін:
• «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» қызмет түрін таңдау;
• барлық міндетті жолдарды толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу;
• қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қою керек.

Сондай-ақ, өтінім берген кезде пайдаланушы мәртебесін беру немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері бойынша мәліметтерді толтыра алады. Өтінім беруге отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ.

Бейне нұсқаулыққа сілтеме:




#egovkz #қандас #ЭЦҚ #ЖСН #куәлік #nitec
87 viewsAlzhan Sharipov, 08:33
Ашу / Түсініктеме