Get Mystery Box with random crypto!

Жастар Рухы

Telegram арнасының логотипі jasotantelegramm — Жастар Рухы Ж
Telegram арнасының логотипі jasotantelegramm — Жастар Рухы
Арна мекенжайы: @jasotantelegramm
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.31K
Арнадан сипаттама

Телеграмм канал МК «Жастар рухы»

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-07-20 14:36:28
81 views11:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 12:54:12 «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты жаңа жобаларды іске қосады

Бүгін «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында жастар қанатының мүшелері өткен кезектен тыс VI Съездің қорытындысын шығарып, бірқатар жаңа жобаны ұсынды және алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, жастар қанатын трансформациялаудың негізгі басымдықтары – патриотизмді, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жастардың білім жолындағы әлеуетін арттыру.

«Ұйымымыздың трансформациясы Съезд жұмысынан бастапды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейне үндеуінде атап өткендей, өз Отаны үшін қажетті және пайдалы болуға ұмтылу – әрбір жас адамның мақсаты болуы тиіс. Біз жастар ортасында Жаңа Әділетті Қазақстанның құндылықтары мен қағидаттарын қалыптастырып, орнықтыруымыз керек. «Жастар Рухы» 100 мыңнан астам жас қазақстандықты біріктіреді және Қазақстанды жаңғырту үшін біз ел жастарының зияткерлік, еңбек, шығармашылық және спорттық әлеуетін жұмылдыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз», деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Нұржан Жетпісбаев жастар қанатын кең ауқымды қайта жаңғыртуға бағытталатын бірқатар жаңа жобаны таныстырды. Жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру үшін әскери бөлімшелердің гарнизондарында тұрақты негізде «Сарбаз болғым келеді» Ашық есік күндері және «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтеді.

Съезд делегаттарының ұсынысы бойынша тарихи құжаттар мен қазақ және ағылшын тілдеріндегі деректі фильмдер ұсынылатын «Tarih» бірыңғай цифрлық алаңын құру жоспарлануда. Барлық өңірде ашық пікір және идеялармен алмасу үшін «Бір толқында» диалог алаңының отырысы өткізіледі.
Сонымен қатар, бүгінде еріктілер қозғалысының танымалдылығы күн өткен сайын артып келеді.

Сондықтан құрылып жатқан Волонтерлер академиясы әртүрлі бағыттағы еріктілерді бірыңғай алаңда жинауға мүмкіндік береді. Ал ауылдық жерлерде жастардың қарым-қабілетін кешенді түрде ашу мақсатында «Өрлеу» жобасы бастау алды. Қазірдің өзінде 1 мың білікті ментордан тұратын пул жасақталды.

Спикер жастардың мемлекетті басқару ісіне араласуын арттыру мәселесіне жеке тоқталды.
«Жастарды заңнамалық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына тұрақты түрде тарту, мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларын, бюджетті жасауға, олардың орындалуын бақылауға қатысуы үшін жағдай жасау қажет», деп атап өтті «Жастар Рухы» төрағасы.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев жас ұрпақтың рухын айқындауға тиіс моральдық-этикалық нормаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Бұл әділет, білім, адал еңбек, еркіндік және патриотизм.

«Осы құндылықтар жастардың бойына берік сіңуі қажет. Жастар рухы – мұқалмас, қайсар рух. Осы ізгі қасиеттерді бойда ұстаған жастар тарих көшін бастап, елімізді ілгерілеу мен дамудың даңғыл жолына шығарады. Сондықтан осы дүниелер «АМАNАТ» партиясы жастар қанатының философиясы мен іс-әрекетін айқындайды. Біз осы принциптерді басшылыққа ала отырып трансформация бағдарламасын іске қосып жатырмыз. Жастар қанатына «Жастар Рухы» деген жаңа атау бердік. Ол біздің ішкі өзгерістерге ерекше ден қойғанымыздың көрсеткіші болмақ. Елмен бірге біз де өзгерудеміз. Біз Қазақстандағы барлық жастарды «Жастар Рухы» құндылықтары төңірегінде бірігуге шақырамыз», деді депутат.

Бұдан соң Солтүстік Қазақстан облысы Озерное ауылының информатика пәнінің мұғалімі, блогер Асыл Ахметова сөз алды. Ол Съезд барысында көшпенділер мұрасын насихаттау үшін 2024 жылы Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруды ұсынған еді.

«Біздің облыста биыл оқушыларға арналған жазғы лагерь өтіп, онда мен 1000-ға жуық баланы атқа мінуге үйреттім. Жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтар мен дәстүрімізді насихаттау үшін бұл тәжірибені бүкіл еліміз бойынша осындай жазғы лагерьлерде кең көлемде өткізу қажет», деді ол.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының Зеренді ауылында өткен Съез жұмысына еліміздің барлық өңірінен 350-ден астам делегат қатысты. Қатысушыларға арнап түрлі тренингтер ұйымдастырылды, ал белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері «Jas Talks» ашық диалог алаңының қонағы болды.

#AMANAT
#Jastarruhy
74 views09:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 12:52:49
70 views09:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:43:46 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінің делегаттарына арнайы үндеу жолдады.

Онда Президент Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады.

#AMANAT
#Jastarruhy #VIСъезі
150 views05:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:43:37
155 views05:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 17:27:39 Немного эстетики нашего съезда Вам в ленту

#Жастаррухы #AMANAT #VIсъезд
103 views14:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 17:27:36
103 views14:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:28:20 Делегаттар пікірі

Съезд алаңында «Сөз&Chill» подкасты іске қосылды. Ол жерде делегаттар ойларын білдіре алды

Жүректен шыққан сөздер, тұшымды ойлар.

Түрлі салада қызмет жасайтын рухтастардың ойын бірге тыңдайық

#Жастаррухы #AMANAT #VIсъезд #СөзChill
86 views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:28:05
87 views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 16:09:42 #ЖастарРухы кезектен тыс VI Съезі өз мәресіне жетті
54 views13:09
Ашу / Түсініктеме