Get Mystery Box with random crypto!

Жастар Рухы

Telegram арнасының логотипі jasotantelegramm — Жастар Рухы Ж
Telegram арнасының логотипі jasotantelegramm — Жастар Рухы
Арна мекенжайы: @jasotantelegramm
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.31K
Арнадан сипаттама

Телеграмм канал МК «Жастар рухы»

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-12 23:39:12 Жастар Рухы
Еліміздегі жастар әртүрлі. Олардың көзқарастары, ұстанымдары мен алға қойған мақсаттары әрқилы. Бірақ осындай айырмашылықтарға қарамастан, бізді туған жерімізде, тәуелсіз және айбынды Қазақ елінде бақуатты әрі бақытты өмір сүруге, болашағымызды өз Отанымызбен байланыстыруға деген ұмтылыс біріктіреді. Ол өз елімізде жақсы білім алу, табыстарға қол жеткізу, денсаулығымыздың мықты болып, отбасымызбен    ырысты һәм берекелі ғұмыр кешу дегенді білдіреді.  
 
Бәріміздің басымызды біріктіретін осы арман –мақсаттың маңыздылығы елімізде өзгерістер жүріп жатқан дәл осы сәтте арта түскені сөзсіз.  Қазір түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр. Олар біздің жарқын болашаққа деген үмітімізді қайта оятты.  
Біз өзімізге тән жігер,  жасампаздық, тазалық және әділдік сияқты қасиеттердің арқасында елдің дамуына кедергі келтіретін келеңсіздіктерді артқа тастап, Жаңа Қазақстанды құруға белсене қатысып  оң өзгерістердің жүзеге асуын қамтамасыз ете аламыз.  
 
Қоғам мен мемлекеттің қандай болмағы бізге, яғни жас азаматтарға байланысты. Сондықтан жастардың рухы ең алдымен ар-ұждан және ақыл-парасаттан   құралуы тиіс.  
Әділет. Әр азамат неғұрлым көп ресурсқа қол жеткізе алса, соғұрлым бүкіл қоғамның да мүмкіндіктері жоғары болады. Біз заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жемқорлықты жоюға күш салу және кейбіреулердің халықтан бөлініп, одан биік тұрғысы келуі сияқты теріс пиғылмен күрес сияқты дүниелерге баса мән беруіміз қажет.   Ал, осы істердің қозғаушы күші әрі түпкі өзегі – әділеттілік. Біз осы құндылыққа ұмтылуымыз керек. Ол қажырлы еңбекті талап етеді. Ең алдымен әркім өз іс-әрекетінде әділ және адал болуы тиіс. Тек сонда ғана заңдар дұрыс жұмыс істеп, құқық нормалары халыққа бірдей таралып, барлық азаматтардың мүмкіндіктері әлеуметтік статусы мен жағдайына, жынысына, туған жері мен тұрғылықты мекеніне қарамастан тең болады.  
 
Білім. Мемлекеттің қол жеткізетін табыстары  ондағы азаматтардың жекелеген жетістіктерінен құралады. Демек, жастар сыртқы әлем мен прогресске ашықтығы арқылы әрдайым таным көкжиегін кеңейтуге, білім алуға, мемлекеттік және шет тілдерді үйренуге,  жаңа қабілеттер мен   дағдыларды меңгеруге, өздерін үнемі жетілдіріп отыруға құштар болуы тиіс. Себебі олардың әр алған әр озық білімі Жаңа Қазақстанның іргетасына жаңа кірпіш болып қаланады.  
 
Адал еңбек. Сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі экономика, ысырап және даңғаза мен құр мақтанды көбейткен тұтыну заманы артта қалды. Қазір «оңай ақша» дегеннің жалған, ал ырыс – берекеге тек адал еңбекпен ғана қол жеткізуге болады деген түсінік ел ішінде берік орнығып жатыр. Демек,  қазақстандық жастардың өмірлік стратегиясындағы әлеуметтік жетістіктер туралы идеяларында басты құндылық тұтыну емес өндіру деген ұғым болуы тиіс.   Сонымен қатар, жастар еш пайдасы жоқ құр мақтанға негізделген тұтыну психологиясын да айыптауы керек.  
 
Еркіндік. Тарихқа үңілер болсақ бостандық рухы біздің ата-бабаларымызға басқа түскен қиындықтарды жеңіп, тарихтың барлық сынақтарына абыроймен төтеп беруге мүмкіндік берді. Жас буын халқымыздың осы бостандық пен азаттық рухын қайта жалғауы тиіс. Өйткені, азат адам ғана өзі және елі үшін жауапты,   толыққанды, нағыз азамат бола алады.
 
Патриотизм. Жастардың алдында орасан зор тарихи жауапкершілік тұр. Ол - мемлекеттілікті сақтау мен нығайту жолындағы ата-бабадан келе жатқан қасиетті аманат. Отанымды сүйем деп тек сөз жүзінде айтып қана қоймай, оны іспен де дәлелдеу қажет. Ол үшін жастар бәсекеге қабілетті, іскер,  табысты, елдің кешегі тарихын бағалап, алдағы болашағын жарқын ету үшін нақты іс-қимыл жасайтын мықты азамат болуы тиіс.
 
Осы құндылықтар жастардың рухына берік сіңуі қажет.  Жастар рухы – мұқалмас, қайсар рух. Осы ізгі қасиеттерді  бойда ұстаған жастар тарих көшін бастап, елімізді ілгерілеу мен дамудың даңғыл жолына шығарады. Сондықтан осы дүниелер «АМАNАТ» партиясы жастар қанатының  философиясы мен іс-әрекетін анықтайды.  Біз осы принциптерді басшылыққа ала отырып трансформация бағдарламасын іске қосып жатырмыз. Жастар қанатына «Жастар рухы»  деген жаңа атау бердік. Ол біздің ішкі өзгерістерге ерекше ден қойғанымыздың көрсеткіші болмақ.  
21 views20:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 23:39:06
16 views20:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 13:21:44 «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастар Рухы» болып өзгерді
 
Бүгін Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бейнежазба арқылы «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезіне қатысушы делегаттарға құттықтау сөз арнап, ел жастарына арнайы үндеу жолдады.


Съезд барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы мен жастар ұйымының атауы өзгертілді.

ҚР Президенті Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады.
Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.

Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев еліміздің саяси жүйесінің трансформациясы «AMANAT» партиясының трансформациясынан басталғанын атап өтті.

Съезде «Unknown Kazak» каналының авторы Диас Камариденов, жас волонтер Ариана Белобжицкая,
жас лейтенант Ұлан Мырзабай,. Осы бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастыру керек», – деді Ұлан Мырзабай, СҚО Озерное ауылы мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Асыл Ахметова,
ЕУРО-2022-нің үздік шабуылшысы атанған «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Біржан Оразов сөз сөйледі.

VI кезектен тыс Съездің шешімімен жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды, жастар ұйымының атауы өзгертілді.

#Jastarruhy #AMANAT #VIсъезд
72 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 13:21:22
72 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 10:45:41 ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» Төрағасы - Ерлан Жақанұлы Қошанов.

#AMANAT #VIсъезд
109 views07:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 10:17:25 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев

#AMANAT #VIсъезд
122 views07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 10:17:23
120 views07:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 10:10:10 ​​«AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, танымал тележүргізуші Мақсат Толықбай

#AMANAT #VIсъезд
123 views07:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 10:09:57
121 views07:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 10:09:49 ​​Еуро-2022-нің үздік шабуылшысы, «Қайрат» футзаклубының шабуылшысы - Біржан Оразов

#AMANAT #VIсъезд
114 views07:09
Ашу / Түсініктеме