Get Mystery Box with random crypto!

Сарытоғай ауылында ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы а | JańalyqKz

Сарытоғай ауылында ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы аяқталды

Сарытоғай ауылында 2021 жылдың тамыз айында 10,9 шақырым ауыішілік автомобиль жолдарының құрылысы басталған болатын. Жобаның жалпы құны 932 миллион теңге. Құрылысты салған мердігер мекеме «Атырауинжстрой» ЖШС.

– Автомобиль жолдарына қоса 2,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, 2,3 шақырым көше жарығы да тартылды. Сарытоғай ауылында енді асфальтталмаған автомобиль жолы қалмады. Енді тек кейбір көшелердің жаяу жүргіншілер жолын жасау ғана қалды,- деді аудандық Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Сырымбет Кенжебаев.

Оның айтуынша, Сарытоғайдағы И.Тайманов, Ә.Молдағұлова, М.Маметова көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба жасақталуда. Аталған жұмыстар келер жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Махамбет ауданында 11175 халық болса, Сарытоғай ауылында 2001 тұрғын мекен етеді.

Ақпарат: https://t.me/JanalyqKz/807