Get Mystery Box with random crypto!

Атырауда жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тапты 20.12 | JańalyqKz

Атырауда жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тапты

20.12.2022 жылы сағат 21:00 шамасында Атырау қаласының Жұлдыз шағынауданында орналасқан «Ботақаным» супермаркеті тұсында 1997 ж.т. қала тұрғынының басқаруындағы маркасы «Ваз 21101» автокөлігі реттелмеген жаяу жүргіншілер өтпесімен өтіп келе жатқан 1993 ж.т. жаяу жүргінші қағып, жол-көлік оқиғасы орын алған.
Нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнынан қаза тапқан.
Күдікті анықталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Аталған дерек бойынша Атырау облысының Полиция департаментімен ҚК-тің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сақ болыңыздар!

Ақпарат: https://t.me/JanalyqKz/804