Get Mystery Box with random crypto!

“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Э | Инсайттар

“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа дизель отынымен уақытылы қамтамасыз етпегені үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Үкімет хабарламасына сәйкес, еліміздің барлық өңірін дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған Комиссия жұмыс істеп жатыр.

"Уақытында тиісті шаралар қабылдамағаны үшін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы М. Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі А. Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, Энергетика министрлігі мен ҚМГ компаниясының бірқатар жауапты қызметкерімен еңбек қатынастары бұзылды.

Бұл мәселе – Үкіметтің ерекше бақылауында, қыркүйек айының басында жағдай тұрақталады деп күтілуде", – делінген хабарламада.

Фото:
stan.kz

@janaarna