Get Mystery Box with random crypto!

Ипотека және прописка Ипотека алғысы келетін азаматтардың көб | 7-20-25 ипотекасы

Ипотека және прописка

Ипотека алғысы келетін азаматтардың көбісі тұрғылықты тіркеуді (прописка) ойлап, уайымдап кетеді. Интернеттегі ақпарат та түсініксіз. Прописканы қажет ететін және қажет етпейтін ипотекалық бағдарламалар бар. Сондықтан, осы мәселеге нүкте қойып тастаған дұрыс сияқты.

Алдымен, прописка туралы қысқаша шолу жасасақ. Прописка мәселесін «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары және Қазақстан республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы қаулысы реттейді. Ол бойынша тұрғылықты жерді тіркеу, ішкі мигранттың уақытша тіркелуі тұрғын үйдің меншік иесінің (жалдаушысының) жазбаша түрде немесе электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба құралымен расталған келісімімен жүзеге асырылады. Бір сөзбен айтқанда, пропискаға тұрғызуды да, алып тастауды да сол тұратын үйдің қожайыны шешеді.
Заң бойынша пропискаға тек тұрғын үй, яғни пәтер немесе жер үйде ғана тұру міндетті емес. Мысалы, саяжайларда, бау-бақша бірлестіктерінде, кооперативтерде, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, диспансерлерде, медициналық мекемелер, пансионаттар, қарттар үйіне де пропискаға тұруға болады.

Қай ипотекаға прописка керек емес?

«7-20-25», «Баспана хит», «Орда», Freedom Finance цифрлі ипотекасы және коммерциалық банктердің жеке ипотекалары, ислам ипотекасы (Al Hilal bank), Отбасы банктің «Өз үйім» және «Әскери баспана» бағдарламалары, «Алматы жастары», «Елорда жастары». Бұл ретте түсіндіре кетейін, жастарға арналған арнайы тиімді бағдарламалар олардың жұмыс өтілін, бекітілген жас лимитінен асып кетпеуі мен сол қалада жұмыс істеуін ғана қадағалайды. Прописка бойынша шарттары жоқ.

Ал қай ипотекаға прописка керек?

Бірден айтайын, прописка талабы тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қатысты қойылады. Басқа өңірде тұрып, сол жақтан үй алып жатсаңыз, еш уайымдаудың қажеті жоқ. Мұндай талап Нұр-Сұлтан (сол уақытта Астана) мен Алматы қалаларынан үй алуға басқа өңірлерден түскен өтініштердің көбейіп кетіп, соның қырсығынан жергілікті кезек жылжымай қалғандықтан алғаш болып «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Сол бағдарламаның ізін жалғастырған «Нұрлы Жол», одан кейін «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламаларында да осы талап сақталып қалды. Яғни, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында азаматтар жергілікті әкімдікке үй кезегіне тұру үшін, сол қалаларда кемінде 3 жыл бойы тұрақты тіркеуде тұруы қажет. Дәл осы кезде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары маңындағы аймақтарда (пригород) тұратын адам әкімдікке бірден үй кезегіне тұрып, пригородта тұрса да, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан «Нұрлы жер» бойынша үй ала алады. Оларға 3 жыл бойы пропискада тұру міндеті қойылмайды. Сол жағынан алғанда, пригород тұрғындары ұтып тұр.
Ал «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағдарламаларына тек осы әкімдікте үй кезегінде тұрған азаматтар ғана қатыса алады. Сол себепті, «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» ипотекаларын прописканы талап ететін бағдарламалар қатарына жатқыза аламыз.

Мәселеге енді нүкте қойған сияқтымыз. Қажет ақпарат болғандықтан, таныс, жақындарыңызға таратып жіберіңіз.