Get Mystery Box with random crypto!

Жиналып қалған нюанстар Аренда және 7-20-25, ЕНПФ және Отба | 7-20-25 ипотекасы

Жиналып қалған нюанстар

Аренда және 7-20-25, ЕНПФ және Отбасы банк депозиттері турасында

Бірінші нюанс.
«7-20-25» бағдарламасына атында үй жоқ болса, қатысуға болады. Сонымен қатар, жалға берілетін пәтер алған азаматтар, сол пәтер өз иелігіне өтпей тұрып қатыса алады. Дәл осы жерде бір нюанс бар. Сіздің жалға алған кездегі келісім-шартыңыз жалға беру келісім-шарты болуы тиіс. Үй жоқтығын растайтын анықтамада да (форма 6) сол келісім-шарт типі көрсетіліп тұрады. Егер онда «Договор аренды» делінсе, онда ипотека ала аласыз. Себебі, баспана сіздің балансыңызға өтпеген.
Ал кейде сізге пәтерді жалға беретін компания, пәтер өз балансында тұрмас үшін (салықтық оңтайландыру) сізге бөліп төлеуге (рассрочка) негізделген сатып алу-сату шарты арқылы пәтерді өткізуі мүмкін. Онда пәтер сіздің атыңызға бірден өтеді, ал ақысын сіз рассрочка ретінде төлеп отырасыз. Сіз оны аренда деп ойлап жүресіз. Дәл осы кезде, сіздің басыңызда үй бар деп есептеледі де, «7-20-25» бағдарламасымен ипотека ала алмайсыз. Сондықтан, өз шартыңызбен жақсылап танысып алыңыз.

Екінші нюанс.
Зейнетақы ақшасын Отбасы банктегі депозитке аударып, мемлекеттен 20 пайыз премия алып, ақшаны көбейтіп алып, сосын шешіп алуға бола ма?
Осындай сұрақтар көп түсті. Жоқ, болмайды. Егер зейнетақы ақшаңыз көбейсін десеңіз, не сол зейнетақы қорында жата берсін (жылдық кірістілік 7,2% шамасында), немесе басқарушы компанияға аударыңыз. Отбасы банктің мақсаты басқа. Ол сіздің ақшаңызды көбейтіп беруге емес, сізге баспаналы болуға көмектесуге арналған. Сондықтан, егер Отбасы банк депозитіне зейнетақы қорынан ақша аударсаңыз, 3 жылдың ішінде сіз Отбасы банктен кредит алуыңыз тиіс.