Get Mystery Box with random crypto!

'COVID-пен өмір сүру': Пандемияның соңы қалай өрбуі мүмкін? К | Informburo_kaz

"COVID-пен өмір сүру": Пандемияның соңы қалай өрбуі мүмкін?

Коронавирус пандемиясының үшінші қысы келе жатыр. Осыған байланысты ғалымдар жұртшылық пен үкіметті коронавирустың жаңа толқындарына дайын болуға шақырды, деп жазды Reuters.

"Десе де вакцинация мен қалыптасқан иммунитет, ауруды жеңіл өткеру, вирустан тиімді емдеу әдістерінің болуына байланысты коронавирустан болатын өлім-жітім мен ауруханаға жатқызу деңгейі өсуі екіталай", –дейді сарапшылар.

Осыған байланысты елдер COVID-тің төтенше фазасынан қашан шығады және вирус қашан эндемиялық ауруға айналып, вакцинация деңгейі жоғары жерлерде маусымдық індетке айналатыны туралы сауалдар туындайды.

Көптеген сарапшылар бұл өзгеріс 2022 жылдың басында болады деп болжаған еді. Бірақ коронавирустың "Омикрон" штаммының пайда болуы бұл болжамды жоққа шығарды.

"Біз "пандемия аяқталды ма?" деген сауалдан бас тартуымыз керек", – дейді Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің эпидемиологы Адам Кучарски.

t.me/informburo_kaz