Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан халқының саны қашан 27 миллионға жетеді? Қазақстан | Informburo_kaz

Қазақстан халқының саны қашан 27 миллионға жетеді?

Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 21,5 млн-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 27,7 млн-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамдау департаментінің сарапшылары жасаған талдауда белгілі болды.

2030 жылға қарай халық саны Нұр-Сұлтан қаласында – 1,7 млн адамға дейін, Алматы қаласында – 2 млн 466 мың адамға дейін, Шымкент қаласында 1,5 млн адамға дейін өседі. Түркістан облысында – 207 мың адамға, Маңғыстау облысында – 170 мың адамға, Алматы облысында – 145 мың адамға ұлғаяды.

Ал Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының қысқаруы күтілуде.

t.me/informburo_kaz