Get Mystery Box with random crypto!

Бір айда бір бизнес ашу мүмкін бе? Осы уақытқа дейін менен «М | MMMarketing

Бір айда бір бизнес ашу мүмкін бе?

Осы уақытқа дейін менен «Мәке, бизнес бастауға қорқамын? Негізі бастау қиын ба? Қазақтанда қандай бизнеспен айналысқан дұрыс?» деген сияқты сұрақтарды көп қойып келдіңіздер. Міне, осыған орай «Бір айда бір бизнес» жобасын бастап отырмын. Әр айда бір бизнеске запуск жасап, айына 1-3 млн теңгеге дейін табуға болатын бизнес идеяларға тест жасап көрсететін боламын. Ал достар, сіздерден маған керегі тек қана қолдау.

Ендеше дайын болсаңыздар, алғашқы бизнес жобаны қабыл алыңыздар!

Көбісі бизнес бастау барысында көп нәрсені қиындатып алғанының әсерінен бастаған ісін жарты жолдан тастап кетіп жатады. Статистикаға қарайтын болсақ, ашылған бизнестің 92% бірінші жылы–ақ жабылып қалады екен. Негізі барлығын дұрыс жасаса, бір ғана айдың ішінде бизнес бастап, табыс алып келеді ме әлде жоқ па білуге болады. Қараша айында өз парақшама салмай, бір нишаға тест жасап көрген болатынмын. Сол жайлы осы постта айтып беремін.

Бір айдың ішінде қандай бизнес жасағанымыз жайлы, қандай этаптардан өткеніміз, ол бизнесті қанша табысқа шығарғанымыз жайлы сіздерге қадам-қадаммен айтып берейін:

Ең біріншіден кәсіп бастауға болатын ниша іздедік, ниша іздеудің көптеген жолдарын қарастырдық. Олардың ішінде атап өтетін болсам:

Google trends, wordstat yandex сайттары арқылы 2021 жылы жоғары сұранысқа ие нишаларды қарап шықтық.

Кәсіппен айналысып жүрген адамдардың жұмыстарына анализ жасап, сол арқылы көптеген ниша түрлерін қарастырдық.

Нәтижесінде соның ішінен қазіргі уақытта трендтегі нишаның бірі мұсылмандық өнімдерге, оның ішінде мұсылмандық сыйлықтар боксына тоқталдық.

Посттың толық нұсқасын төмендегі суреттерден оқи аласыз