Get Mystery Box with random crypto!

ILIM IZDEN

Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN I
Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN
Арна мекенжайы: @ilimizden
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 185
Арнадан сипаттама

🔷️Қош келдіңіз!
🔷️Бізбен кітап оқуға ниет етіңіз, іліміңізді арттырыңыз.
🔷️Кітаптан күнделікті 10-15 бет оқылып,тест сұрақтары беріліп отырады
🔷️Әбу Ханифа мәзһабы бойынша

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 124

2021-05-16 06:14:52 ҚОНАҚҚА БАРУ ӘДЕПТЕРІ

1) Әсем киіну.Сіз туысыңызға, құрбыңызға, досыңызға болсын қонаққа барардан алдын әдемі таза киімдер киіп, әсемденіп баруыңыз керек.Әдемі киіну дегенде міндетті түрде әр қонаққа барған сайын тек жаңа, қымбат киім кию шарт емес, бұл жерде мақсат – екі жақтың да әдемі болуы бір-біріне құрметін, сыйластығын білдіреді.
2)Кіруге рұқсат сұрау.Қонаққа барған үйге баса-көктеп кіріп бармай, тіпті табалдырықтан аттап баспай тұрып алдымен кіруге рұқсат сұрау қажет.Бұл – сүннет.«Аллаһтың елшісі (с.ғ.с): «Рұқсат сұрау үш рет: егер (кіруге) рұқсат берсе, онда кіресің.Егер рұқсат бермесе, онда кері қайтасың» – деді», – деп хадисті Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) риуаят етеді (имам Бухари, Муслим).
3) Алдын ала ескерту.
4)Ыңғайлы уақытты таңдау.Бір маңызды шаруамен барған күннің өзінде, бейуақытта, мәселен шам, құптан намаздарынан кейін зиярат ету зиярат (қонаққа бару) әдебіне қайшы.Зиярат етуге қолайлы уақыттар – бесін намазына дейін, түскі ас кезінде, түстен кейін асыр намазына дейін де, кейін де ыңғайлы.
5)Есікті үш рет қағу.
6)Әдеп сақтау.Қонаққа барған үйіміздің жағдайына қарап жай-күйін сұрасып біршама уақыт отырғаннан кейін үй иелерін әуре-сарсаңға салып қоймай уақытылы қайтқан жөн.Қонаққа барғаныңызда сол үйдің дүниесіне көз тігіп, рұқсатсыз бөлмелерін аралап, ыдыстарын, жиһаздарын, дүние-мүлкін сөз етіп, ұсынған тағамдарын сынап, бейберекет әңгімелер айтып отырудан аулақ болыңыз.

@ilimizden
100 views03:14
Ашу / Түсініктеме