Get Mystery Box with random crypto!

-БАП ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АЛЛАҺҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ БОЙСҰНУ КЕРЕКТІГІН | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-БАП

ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АЛЛАҺҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ БОЙСҰНУ КЕРЕКТІГІН ҮЙРЕТІП, ИМАНИ ТӘЛІМ - ТӘРБИЕ БЕРУ

«Отбасыңа намаз оқуды бұйыр. Өзің де намаз оқуда табандылық таныт»
(«Таһа» сүресі, 132-аят).

«Уа, иман еткендер! Өздеріңді және жанұяларыңды тозақ отынан сақтаңдар»!
(«Тахрим» сүресі, 6-аят).

-ХАДИС:

Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өгей ұлы Әбу Хафс Омар ибн Әбу Сәләма Абдуллаһ ибн Абдуләсәд (р.а.): «Бала күнімде Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қамқорлығында болдым. Тамақтанғанда қолымды табақтың әр жеріне бір созатын жаман әдетім бар еді. Бірде Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған: «Балақай! Алдымен «Бисмилләһ» – деп Аллаһ тағаланың атын ата, содан кейін оң қолыңмен және өз алдыңдағы астан жегін», – деп ескертті. Содан бері тек солай тамақтанатын болдым», – деп айтты.

(Бұхари, атғимә 2; Муслим, әшрибә 108).

@hadister_jinagy