Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі ( | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоғарғы (береген) қол төменгі (алаған) қолдан әлдеқайда қайырлы.
Беретініңді алдымен өзің бағып-қағуға міндетті жандардан баста. Садақаның қайырлысы – артылған дүниеден берген садақа. Кімде-кім харамнан тыйылып, арын таза ұстауға тырысса, Аллаһ оны арлы қылады (53). Ал кімде-кім қолда барға қанағат қылып, ешкімге зәрулік танытпаса, Аллаһ оның көңілін тоқ қылады», – деп айтты» – делінген.

(Бұхари, зәкәт 18).

(53) Харамнан сақтайды.

@hadister_jinagy