Get Mystery Box with random crypto!

Хадис ізденуші

Telegram арнасының логотипі hadistanu — Хадис ізденуші Х
Telegram арнасының логотипі hadistanu — Хадис ізденуші
Арна мекенжайы: @hadistanu
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.86K
Арнадан сипаттама

Хадистер, хадис ілімі, хадис шархтары және хадис ғалымдарының жазбалары📚
Ілім ізденушіге насихаттар📌
Админ нмудың қарапайым байырғы түлегі.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-12-11 23:13:07
«Ілім алушының ілім жолындағы дарурияты, хаджияты, кәмәлияты және тахсинияты болады.

Қазіргі таңда көпшілік шәкірттердің басты проблемасы – дарури болған ілімдерді үйренудің орнына, тахсинияттармен шұғылданып уақыттарын жоғалтуы
».

Шейх Мужир әл-Хатиб (рахимаһулла)
815 views20:13
Ашу / Түсініктеме
2022-12-11 20:31:13
Қартайған шақта хадис жеткізу.

Ибн Хәлләд (рахимаһулла): “Жасы 80-ге таяған мухаддистің шатасып кету қаупін еске отыра, оның хадис айтудан тыйылғанын құп көрдім”,- дейді.

Бірақ, Әнәс ибн Мәлик, Сәһл ибн Сәғд және Абдулла ибн әби Әуфә секілді көптеген сахабалардың (Алла оларға разы болсын) жасы 80-нен асса да хадис риуаят еткен.

Тіпті кейбірі 100-ден асса да хадис жеткізген. Олар: Хасан ибн Арафа, Әбу Әл-Қасим әл-Бәғәуи, Әбу Исхақ әл-Һужәйми, Әбу Таийб әт-Табари және тағы да басқалары.

Алайда хадис шейхтың жадынан айтылар болса, онда аса ұқыптылықпен мән берілген жөн.

[Әл-Бәғис әл-Хасис (Ибн Кәсир) Ахмад Шәкир]
760 views17:31
Ашу / Түсініктеме
2022-12-08 19:46:03 Бұрындары Стамбулда бір бауырыммен жүздескенде араб тілін 2-3 жылға жуық уақыт шейхтармен оқып жатқанын айтқан еді.

Қатруннәдә, әлфия бастадыңыздар ма? - деп сұрағанымда: “Жоқ, бәйнә ядәйктің 2-томын енді аяқтап қалдық” деп жауап берді.

Қарап отырсақ, ата-анаңның қызметінде болып, елімізде-ақ сол кітаптардың барлығын аяқтап оқып, содан соң классикалық мәтіндерді терең меңгеру үшін шетелге шығуға болатын еді.

Өкінішке орай, шетелге шығып білім алдым деген сөз тек мақтаныш секілді болып қалды…

Шейх Мужир әл-Хатиб өзінің бір дәрісінде анасының қызметінде болып, хадис естуге сапар қыла алмаған бір ғалымның оқиғасын айтып еді. Анасының қызметінде болған себепті сол елді-мекенде ең көп хадис риуаят еткен “муксирлердің” қатарынан болған.

Ол ғалым жайлы кейін ашықтаймыз
1.1K viewsedited  16:46
Ашу / Түсініктеме
2022-12-08 19:45:45 Ата-анаңның разылығы – миллион ижазадан хайырлы.
734 views16:45
Ашу / Түсініктеме