Get Mystery Box with random crypto!

ал егер кімнің мінезі дұрысталса жәннаттың төрінен орын алуына | Хабиба каналы

ал егер кімнің мінезі дұрысталса жәннаттың төрінен орын алуына кепіл боламын»[5], деген.

Адаммен орынсыз сөз таластыру адамның ашулануына апаратын жайттардан.

3. Орынсыз әзілдеу
Ғұлама әл-Фараби: «Сөз тапқырлық – жақсы адамшылық қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда болатын нәрсе» деу арқылы орнымен айтылған әзілдің кісі бойындағы ізгі қасиеттердің біріне жататындығын меңзейді. Әзіл өз мөлшерінде, яғни, тамаққа қосылған тұз көлеміндей болғанда ғана әңгіменің дәмін келтірмек. Артық айтылған жағдайда, тұзы көп тамақ секілді жарамсыз болып қалуы мүмкін. Бірде Пайғамбар ﷺ жолдасының аяқ киімін тығып қойған адамды көреді. Ал ол кісі аяқ киімді іздеп, әбігерге түседі. Сонда Алла Елшісі ﷺ: «Кім мұсылманның үрейін ұшырса, Қияметте Алла оның үрейін ұшырады», «Мұсылманның мұсылманды қорқытуына тыйым салынған»[6] деген. Бұдан алар тұжырым исламда орынсыз әзілдеу оның шеңберін біле алмау ашу, ызаның тұтануына апаруы мүмкін.


4. Орынсыз сөйлеу
Алла тағаланың адам баласына берген ерекше нығметтерінің бірі – тіл. Тіл арқылы адам иманға келіп, кәлимә шәһәдәт айтып, мұсылман болса сол тіл арқылы оның ластығы себепті күнәға батады. Пайғамбарымыз ﷺ мүбарак хадисінде:

من كان يؤمن بالله واليوم الآخر، فليقل خيرا أو ليصمت

«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, онда қайырлы сөз айтсын яки үндемесін»[7] . Сол себепті біреудің ашуына тимес үшін әр мұсылманға екі елі ауызға төрт елі қақпақ қойған абзал.



Алла ауруды жаратып қана қоймай оның емін де жаратқан.Ашуды емдеу жолдарына келер болсақ:
1.Шайтанға истиғаза[8]айту
Алла Тағала Құран кәрімде:

(وَإِمَّا يَنْزَغَنَّكَ مِنَ الشَّيْطَانِ نَزْغٌ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ)

Егер сені әзәзіл шайтан түртіп азғырар болса, дереу Аллаға сиын! Ол шүбәсіз Сәми` (бәрін естуші), Алим (бәрін білетін шексіз ілім Иесі).[9]

Шайтан – адамның ең үлкен жауы. Соңы үлкен өкінішке апаратын ауыр күнәларға итермелеуге қауқарлы. Сондықтан да адам өмір бойы өзінің ең зұлым жауы шайтанмен күресіп өтеді.

Сүлейман ибн Сардтан келген хадисте:

كنت جالسا مع النبي -صلى الله عليه وآله وسلم- ورجلان يستبان فأحدهما احمر وجهه، وانتفخت أوداجه، فقال النبي -صلى الله عليه وآله وسلم- (إني لأعلم كلمة لو قالها ذهب عنه ما يجد لو قال أعوذ بالله من الشيطان ذهب عنه ما يجد)

Пайғамбарымызбен ﷺ отыр едім екі адам бірін-бірі балағаттай бастады сол кезде бірінің беті қызарып, мойын тамырлары ісініп кетті. Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Мен бір сөз білем егер соны айтса, ашуы тарқар еді ол сөз «Ағузу билләһи минашшайтанир раджим»[10].

2. Орын ауыстыру
Пайғамбарымыздың ﷺ Әбу Зардан келген хадисінде айтты:

(إذا غضب أحدكم وهو قائم فليجلس فإن ذهب عنه الغضب وإلا فليضطجع)

«Егер сендердің бірің ашулансаңдар тік тұрса отырсын, егер ашу кетпесе жантайсын»[11].

Жалпы адамның денесінің қозғалуы, иілуі ашудың тез тарқауына жол ашады. Ашуланған кезде отырып тұру ашуды кетіретін әрекет екенін айтуда.

3. Сөз таластыруды тоқтату немесе үндемеу
Үндемеу жайында Пайғамбарымыз ﷺ мүбарак хадисінде:

إذا غضب أحدكم فليسكت

«Егер сендердің бірің ашулансаңдар үндемесін».[12]

Кез келген адам басқа адам тарапынан сөз арқылы әртүрлі жолдармен шабуыл жасалса, адам нәпсісі оған дәл солай немесе одан да асырып қайтарғанды қалап тұрады. Бірақ бұл мәселені шешудің жолы емес. Өйткені сөз таластыру әрдайым екі жаққа да сәтсіз аяқталады. Сондықтан болмашы бір мәселе үшін сөз таластырмаған дұрыс.

4. Дәрет алу немесе жуыну
Пайғамбарымыз ﷺ мүбарак хадисінде айтты:

إِنَّ الْغَضَبَ مِنْ الشَّيْطَانِ وَإِنَّ الشَّيْطَانَ خُلِقَ مِنْ النَّارِ وَإِنَّمَا تُطْفَأُ النَّارُ بِالْمَاءِ فَإِذَا غَضِبَ أَحَدُكُمْ فَلْيَتَوَضَّأْ

«Шын мәнінде ашу ол шайтаннан, ал шайтан болса, оттан жаратылған, отты су өшіреді. Егер сіздердің біреулерің ашуланса дәрет алсын[13].

Ашуланған кезде адамның жүрек қағысы жиілеп дене қызуы көтеріледі. Бұл процесті тежеу үшін тез арада дәрет алып немесе жуынған абзал.