Get Mystery Box with random crypto!

Ашулану – ауыр дерт. Ашу – ыза, кейіс, реніш, араздық түрінде | Хабиба каналы

Ашулану – ауыр дерт.
Ашу – ыза, кейіс, реніш, араздық түрінде көрініс беретін адам мінезі мен көңіл-күйінің жағдайы. Өзіне әсер еткен қолайсыз нәрселерге жауап ретінде ашулы, ызалы, кекті, қаһарлы түрде көрінеді. Ашулану – адамның көркем мінез құлқын құртып, денсаулығына зиян келтіреді. Ашудың, денедегі ең үлкен зияны жүрек пен бүйректерге келеді. Өйткені ашу денедегі қан айналым жүйесінің ауытқуына апарады. Қан тамырларының тарылуына себеп болады және қанның еркін айналуына мүмкіндік бермейді. Сол себепті жүрегі ауру адамдарға ашуланбауға кеңес беріледі. Сондай-ақ адам ашуланған кезде қанның құрамындағы қант мөлшері артады. Адамның санасын игере алмауының себебі де қан айналымының нашарлауынан болады. Сүйікті пайғамбарымыз: «Нағыз күшті, балуан, қаһарман - бәрін жеңген адам емес. Ашуланған кезде нәпсіне ие болып, ашуын жеңе білген адам нағыз балуан» деген.
Ия шынымен адам ашуланған кезінде шайтанның қолындағы ойыншыққа, оның тұтқынына айналады. Шайтан оны оп-оңай күнә істеуге итермелейді. Бір кісі пайғамбарымызға келіп: «Йа Расулаллаh! Маған бір насихат айтыңызшы, соны ұстану арқылы құтылайын», - деді. Сонда пайғамбарымыз ﷺ: «Ашуланба!»- деп бұйырды. Біраз уақыттан кейін тағы да насихат сұрады. Пайғамбарымыз ﷺ тағы да: «Ашуланба!» деді. Бұл адам қанша рет насихат беруін сұраса да, әр сұрағанында пайғамбарымыз ﷺ оған: «Ашуланба!» деп айтты. Иса алейhиссалам яһудилердің қасынан өтіп бара жатқанында яһудилер оған жаман сөздер айтады. Иса алейһиссалам оларға жылы сөздермен жауап қайтарады. Қасындағылар: «Яһудилер саған жамандық жасап жатыр, ал сен болсаң жақсы сөздер айтудасың» дегенде Иса алейһиссалам: «Әр адам өзінің бойындағы барын береді» деген.

Ашудың емдеу жолдарын қарастырмас бұрын оған апаратын себептерді айтып кеткен жөн болар.
1. Тәкәппарлық
Адам бойында тәкәппарлық әр түрлі жағдайларда белең алады. Алла Тағала мұндай қылыққа қатаң түрде тыйым салған:

﴿وَلاَ تَمْشِ فِي الأَرْضِ مَرَحاً إِنَّكَ لَن تَخْرِقَ الأَرْضَ وَلَن تَبْلُغَ الْجِبَالَ طُولاً﴾

«Жер бетінде алшаң басып жүрме, расында сен жерді тесе де алмайсың, биік таулармен де теңесе алмайсың»[1].

Басқа бір аятта:

﴿إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْتَكْبِرِينَ﴾

«Шындығында Ол (Алла) тәкаппарларды ұнатпайды»[2]

Алланың елшісі ﷺ менмендік, тәкаппарлық жайында құдси хадисте:

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:» يَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: الْكِبْرِيَاءُ رِدَائِي، وَالْعَظَمَةُ إزَارِي، فَمَنْ نَازَعَنِي وَاحِدًا مِنْهُمَا أَلْقَيْته فِي جَهَنَّمَ «.

Пайғамбар (с.а.с.) бір құдси хадисте Раббысынан мынадай хабар жеткізген: «Алла Тағала былай дейді: «Тәкаппарлық пен ұлылық Маған ғана тән. Кімде-кім сол сипаттарға менімен таласатын болса, оны жәһаннамға лақтырамын». [3]

Тәкәппарлықтың түрлеріне келер болсақ, бір адамдар өзінің пікірімен ойымен тәкәппарланады. Өзінің пікірін ғана дұрыс санап, ұсыну арқылы басқа адамдардың пікірлерін негізсіз қылып тастайды. Бұл өз кезегінде басқа адамдардың оған деген наразылығын, ашуын тудырады. Енді бір адамдар өзінің шыққан тегімен тәкәппарланады. Тағы бір адамдар өзінің байлығымен киген киімі, мінген көлігімен массаттанып тәкәппарланады. Демек, тәкәппарлық ашудың тууына апаратын негізгі себептердің бірі.

2. Сөз таластыру
Кейбір адамдар бір затты дәлелдеу мақсатында сөз таластырады. Егер қарсылас жақ істің ақиқатына жетуді деттесе онда бұл іс құптарлық іс егер ақиқат мақсат болмаса сөз таластыруды тоқтату қажет.

Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде:

((مَن طلب العلمَ ليُجاري به العلماء، أو ليُمَارِي به السُّفهاء، أو يصرف به وجوه النَّاس إليه، أدخله اللهُ النَّار)).

«Кімде-кім ілім алғанда ғалымдармен бәсекелесу үшін, білімсіздермен сөз таластыру үшін, адамдардың жүздерін өзіне қарату үшін жасайтын болса, Алла оны тозаққа кіргізеді»[4] деген.

Басқа бір хадисте:

((أنا زعيم ببيت في ربض الجَنَّة لمَن ترك المِرَاءَ وإن كان مُحقًّا، وببيتٍ في وسط الجَنَّة لمَن ترك الكذب وإن كان مازحًا، وببيتٍ في أعلى الجَنَّة لمَن حَسُن خُلقُه))؛

«Өзінікі дұрыс болса да сөз таластыруын тоқтатса, жәннат ішінде орын алуына кепіл боламын, әзілдеп болсын өтірік айтпаса оған жәннаттың ортасынан орын алуына кепілмін,