Get Mystery Box with random crypto!

Олар маған: «Сәл қарапайымдау болсаң қайтеді?» дегенде жылап ж | Gulzhanginayat

Олар маған: «Сәл қарапайымдау болсаң қайтеді?» дегенде жылап жібердім. Сонда олар маған: «Бәлкім, саған күлу керек шығар?» деді. Мен күлдім. Сонда олар: «Өтірік күлдің» деді. Мен қабағымды түйдім. Сонда олар: «Міне, міне, жасырған болмысың көріне бастады» десті. Мен үндемедім. Сонда олар: «Тіліңді жұтып қойдың ба?» деді. Мен сөйлеп едім, олар: «Мылжың екенсің» деді. Мен оларға кеңдік таныттым, олар: «Қорқақ екенсің. Қайратты болсаң, кек алар ең» десті. Мен қарсы дау айтып ем, олар: «Ақымақсың. Ақылды болсаң, текке дауласпас ең» деді. Мен «Жоқ» десем, олар маған: «Кісікиіксің» деді. Дегендеріне көніп, мақұлдап ем, «Екіжүздісің» деді. Осыдан кейін елге қанша жағынуға тырыссам да, бәрібір сынға ұшырайтынымды түсіндім.

Имам әш-Шафиғи