Get Mystery Box with random crypto!

ғажайып

Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып Ғ
Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып
Арна мекенжайы: @gazhay1p
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 235
Арнадан сипаттама


<< ғажайыпты күтпе, оны жаса >>

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-09-03 12:44:47
#ескерту :

Бақыт пен қуаныш барлығына жетеді
106 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 06:27:37
Instagram: adilet_rakhmetolla
166 views03:27
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 20:59:56 Кейде өткеннің қателіктері еске түсіп, қатты ұялып кететін кездерім болады. Әсіресе түнде Сондай кезде бәрін ұмытқым, немесе өзгерткім келеді. Бірақ ол мүмкін емес қой. Себебі өткеннің қателіктері - қазіргі тәжірибе. Қазіргі мен.

Мен ғана емес, көп адам өміріндегі сондай сәттерді ойлайды. "Мына нәрсені басқаша жасағанымда ғой! / Мына сөзді айтуым н/е айтпауым керек еді! / Сол кезде маған олай айтуға жол бермеуім керек еді / Блииин, қатты ұяламын. Неге ондай болғам?" деген сияқты ситуациялар да, таусылмас ойлар да ұйқы бермейді.

Қарап отырсақ, өткен деген кезде үнемі қателіктер мен жаман сәттерді еске аламыз. Бірақ өмірімізде жақсы сәттер мен жеңістеріміз де аз емес қой. Сол үшін де өзімізге сол өткеннен жақсырақ болғанымызды еске алу керек. "Егер дәл сол жағдай маған қайта кезіксе дәл қазір өзімді қалай ұстаймын? Өткеннен не түсіне алдым?"

Бұрын және Қазір.
Қазір сен кешегіден жақсырақсың және өзіңнің ең жақсы үлгінсің
283 views17:59
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 12:19:51 Күзге топ 10 #жоспар:

1. Кітаптар тізімін құру;
2. Пирог дайындау;
3. Театрға бару;
4. Гардеробты тазалап, керек емес киімдерді лақтыру;
5. Сүйікті фильмінді қайталап көру;
6. Жаңбырлы күні серуенге шығу;
7. Асқабақ дайындап жеу;
8. Жапырақтар сарғайғанда суретке түсу;
9. Жаңа шәй түрін немесе какао ішу;
10. Осы тізімді астыға жалғастыру
114 views09:19
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 13:01:48 күз..,сен үшін қандай мезгіл?
138 views10:01
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 06:54:21
Сенің бар хоббиің — ғаламторды ақтарумен ғана шектелгені ме ?

(сурет: Мейірімді бол)
204 views03:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 18:51:20 Алда 'он тоғызыншы жыл' күтіп тұр. Он сегізімді қорытындылау мақсатында жеке каналымдағы ойларымды оқуды бастадым. Күзде қандай болғаным, мені мазалаған нәрселерді есіме алып, біріне ұялып, біріне мәз болып жүргем)
7:15. Аялдама және таңғы таза ауа. Аялдамада ешкім жоқ. Құлаққабымда Нұржан Керменбаев пен Орда тобы әндетуде. Ескі әуендердің әсерінен бе, әлде бұрынғы ойларымды оқып жүргеннен бе біртүрлі күй кештім. Болашақтағы мен дәл қазіргі өзіме қарап тұрған сияқты болып кеттім. Сосын әлем жәймен келіп, сыбырлап кетті де, мынаны түсіндім: << Осының бәрі фигня ғой. Алдынғы күні оңбай құлағаным. Дәл қазіргі кешігемін-ау деген уайым. Кешегі қобалжудан айтқан мәнсіз, әрі күлкілі сөздеріме ұялуым. >>

Бірнеше күннен кейін киімімді жоғалтып алсам бола ма? Онымен қоймай дәл сол күні бір адамға ренжіп қалдым. "Жолым болмайдыы" деп сіңіліме шағымданып алғам. Сондай күймен жұмыста түнгі ауысымда болдым. Бір әңгімені құлағым шалып қалды: "Шынымды айтайын, мен өмір сүргім келмей кетті. Бар шыдамым таусылды. Дәл қазір өліп кеткім-ақ келіп отыр. Тек Алладан қорқамын." Осындай маңызды әңгімеде жоғалтқан көңілім мен киімім есіме түсіп кетті. Әлемнің дауысын естідім де, ойладым: << маңызы жоқ нәрселерге неге көңілімді түсіремін? >> Келесі күні киімім табылды, әлгі кісінің басқа біреуге былай айтқаның естіп, қуандым: "Маңызды нәрсе тек денсаулық екен, қалғаны маңызды емес. Уайымдай бермей, тамағыңды жеп ал"

Тағы да аялдама. Кеш. Әуен тыңдап отырмын. Бір аға "16 өтіп кеткен жоқ па?" деген сұрақпен әңгімесін бастады. Қандай телефондар жақсы екенін сұрады. Іштей қорқып отырдым. Жауабым қысқарып, жәй тыңдап отырдым. Әңгіме мына толқынға бұрылды: "Қызым болғанда ғой. Қыз деген жақсы ғой. Ұлдардан қайыр жоқ. Екі ұлым бар, тіпті амандаспайды. Әйелім қайтыс болып кеткен, өзім анау жерде жұмыс жасаймын" Ұлдарын айтқан кезде жылағысы кеп кеткендей болды. Не айтарымды білмей қалдым. Қалтасынан темекісін шығарып, жанындағылардан оттық сұрады. Автобусым келіп, орнымнан тұрып, қоштастым. "Жолың болсын, қызым", - деді.

Ойымды басқа жаққа бөлуге қанша тырысқаныммен болмады. Ешкіммен сөйлеспей, үйіне құлаққаппен құшақтаса қайтатын менімен неге ондай әңгіме болды? Мен әлемде осындай адамдар көп екенін білемін, бірақ дәл осы әңгімеден қалған әсер түрлі түсініктер әкелді. Және әлем маған: "пофигист бол" деп айқайлап жатқандай көрінді. Көп нәрселер менің уайымыма лайық емес екен. Мен ойлауым керек нәрселер күнделікті кішкентай мәселелер емес, басқа маңызды дүниелер. Әр адам өзі үшін құнды нәрсенің не екенін білуі керек сияқты. Ал қалғанына мән бермеу керек. Мұны айту бөлек, түсіну бөлек екен. Сол үшін де әр адам бұл түсінікке өзі келуі керек деп түйдім.

Мен есікке аяғын ұрып алса ашуланбайтын, ыдысты сындырып алғанда сабырмен қарайтын, шәйді төгіп алғанда күле салатын, біреудің ойын естігенде қабылдай алатын, ішкі күйіне ауа-райы әсер етпейтін, өзіне не маңызды екенін білетін кезеңге өткім келетінін түсіндім. Ондай адамдар шынында маңызды, немесе көп сабырды қажет ететін мәселеде оңай сынбайтын секілді.
92 views15:51
Ашу / Түсініктеме