Get Mystery Box with random crypto!

ғажайып

Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып Ғ
Telegram арнасының логотипі gazhay1p — ғажайып
Арна мекенжайы: @gazhay1p
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 235
Арнадан сипаттама


<< ғажайыпты күтпе, оны жаса >>

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-10-02 14:56:33 бірінші сыныпта мұғалима апай мына сұрақтың жауабын тауып келуді тапсырды:
1 минутта не жасап үлгеруге болады?

бәріміз басымыз қатып, ойларымыз бөлініп үйімізге қайттық. анам бұл уақытта гүл отырғызуға немесе көзін бояуға, тәтті құймақ пісіруге, кофе дайындауға үлгере алатынын айтты. әкем болса гол сала алады, 20рет отырып тұрады немесе анам пісірген тәтті құймақты жейді :
- ал шынына келсек бір минутта өмірінді түгелдей өзгертуге болады.
мен ол кезде әкемді түсінбедім. мән бермей, жауабын жазуға кірістім. бір минут бұл бос нәрсе ғой. тым аз.

бүгін трицепске арналған жаңа жаттығу жасадым. жаттықтырушы: "Ируся, жарайсың, бір минут қалды!" деп айтты. мен иә дегендей болдым, бұл бір минут бағанағы бір минуттан еш айырмасы болмағанымен, шексіз секілді көрінді. кешегі сүйікті сериалыма кеткен жүз минуттан да ұзақ көрінді.

бұрындары студент кезімде автобуспен жүргенде екі әйелдің әңгімесін естіп қалған едім. бірі жылап, екіншісі жұбатып отыр:
- күйеуіңнің өмірден өткеніне қанша уақыт болды?
- сегіз жыл, бірақ кеше болған секілді..

менің сыныптасым жігітін әскерге шығарып салғаны есімде. олар қоштасып жатты, жігіті оған былай деді:
- уайымдама! бұл жәй бір ғана жыл. көзді ашып-жұмғанша тез өтіп кетеді.
сыныптасым ғашығына таңғала қарап тұрды да былай деді: "жыл қалай өтеді, егер әр минуты километрдей ұзақ болса??"

көбіне бұл уақыт байқалмай өтеді. 10минут темекі шегуге, 30минуты телефондағы бос әңгімеге, 50минуты компьютерлік ойынға, 120-сы жаңалықтар көруге, 500-і әлеуметтік желілерге. біз бұл минуттарды түкке тұрғысыз аз көріп, құндылығын жоғалтамыз. ал шын мәнінде сол бір минутта тыныс алу үшін оттегі жетіспей қалады, кешірім сұрау үшін секундтар, тынышталу үшін бір көзқарас жетпейді.

тек бір ғана минут. 72 жүрек соққысы. 58 әуеге самғаған ұшақ пен 258 жаңа туылған сәби. 10миллион темекі тұқылы және 116 той. 20 тыныс алу мен шығару және дәл сондай көлемдегі өмірді өзгертуге деген мүмкіндіктер. дәл қазір. дәл осы минутта.

' Ирина Говоруха
Аударған: Аяна Нұрбекқызы
212 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2021-09-27 21:20:28
97 views18:20
Ашу / Түсініктеме
2021-09-27 15:19:00 сіздерді қатты сағынып қалдым. жазбалар жазуға уақытым болмай кетті. не туралы ойымды білгілеріңіз келеді? сол туралы жазайын
68 views12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-09-27 15:17:43 сәлем, достар!)
алда қарттар күні келе жатыр екен. соған орай қандай өлең оқуға болады? өздеріңіз шығарған немесе ұнататын өлеңді осында жіберсеңіздер қуанып қалар едім. керек болып тұр
70 views12:17
Ашу / Түсініктеме
2021-09-20 20:47:25
170 views17:47
Ашу / Түсініктеме
2021-09-20 20:46:51 Он сегізімде түсіндім:

1. Мен үшін ең жақын жандар - ата-анам. Мені шартсыз, еш себепсіз жақсы көретін жандар. Қиындық пен қуанышта бірге болуды, бақыттың кішкентай сәттер екенін ұғындырған адамдар. Жыл бойы ата-ана мен бала психологиясын зерттедім. Түсінгенім көп болды. Мына жерге оның бәрі сыймайтын секілді. Айтарым: бағала. Артық сөздерсіз.

2. Мың есе болып қайтып оралатын инвестиция - өзің. Менің өзіме бөлген уақытым, алған білімім, сыйлаған сыйлықтарым, жазылған парақтарым мен жалғыз серуенге шығуым. Б-бақыт.

3. Жүрегім мен миымды таза ұстау әдетіме айналғанын қалаймын. Бөлмем, әлжелілердегі парақшалар, телефоным, байланысатын адамдар және ойымдағы мәселелер)

4. Адамдармен ой алмасу, жақсы әңгіме өрбіту - бақыыыыт екен ғой Мен бір адаммен әдемі әңгімеден кейін неше күн бақытты болып жүргенімді білсеңдер ғоййй. Жәй ғана 'о, менде дәл солай ойлаймын' деген ойдың өзі қандай күшті десейші)

5. Өмір - қазір. Дәл осы сәт.
173 views17:46
Ашу / Түсініктеме
2021-09-18 10:10:36
#ескерту :

Телефон мен ойларыңды бір жерге қоя тұр да, демалыс күніңді лайықты түрде өткізші
118 views07:10
Ашу / Түсініктеме